Ж.Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы»өлеңі

227

Сабақ тақырыбы: Ж.Молдағалиевтің  «Ар-ұят туралы»өлеңі

Сабақ мақсаты: а)Ж.Молдағалиевтің  өмірінен қызықты, тағылымды мәлімет

бере отырып,өлең идеясымен таныстыру, ақын мұратын ұғын-

дыру, әдебиет теориясынан  білімдерін кеңейту;

ә) «Үлкенге –құрмет, кішіге –ізет »сезімін жетілдіру, баба

өсиеті,ерлік рухынан тағылымды тәрбие беру, ұлттық болмысты

насихаттау,поэзияны сүюге, шешен сөйлеуге баулу;

б)шумақ бойынша тұжырым жасай білуге, ойларын дәлелдеуге

және көркем сөйлеуге машықтандыру, түсіну –түйсіну дағдыла-

рын дамыту.

Сабақ түрі  Жаңа сабақ

Сабақ әдістері: мәнерлеп оқу, проблемалық жағдаят туғызу, оны шешу, ойтолғау…

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ құрылымы: І.Ұйымдастыру бөлімі.(Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдаят  туғызу…)

                                    ІІ.Жаңа сабақ

                                   А) «Мен қазақпын»өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан

сыр шертетін деректер көрсетіледі.

Ә) Ж.Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасалады.

Б) Тақырыптық өлеңді оқымас бұрын проблема қойылады.

— Балалар, «ұят», «ождан», «ар» , «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады? (…жауаптар тыңдалады)

-Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойыларыңды билейді?

(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет –құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)

-Ұялу, ұяла білу жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе?

-Ал енді Жұбан атамыздың ұят туралы айтқан ойларын оқып,талдау жасайық(өлең мәнерлеп оқылады.)

Өлең мазмұны  бойынша сұрақтар бере отырып, шығарма жан –жақты талданады.

-Қария мен жас жігіт арасындағы қақтығысқа көзқарасың?

— Қартқа ұят көрінген іс -әрекет неге жас жігітті  бейжай қалдырған?

— Қарияның     «Жеп келем,жеп келем туғалы,

Тірі боп жүргенім сондықтан…

…Адам ол өледі мен десе,

Ұяттан айырылған сағатта…»-деген ойларында ақынның пікірі, көзқарасы көрінген бе?

  • Қазақ болмысы, бала тәрбиелеудегі ұлттық үрдіс өлеңнің қай шумақтарында көрінген? (7,8,10,13,19)
  • Қазақтың «мың өліп, мың тірілген» тарихына сілтеме қай шумақтан көрінеді?

(9,16,17,18)

—     Өлеңнің түйіні  қай шумақтарда көрінген? (12,14,20)

2.2.А)Әдебиет теориясы бойынша өлең құрылысы талданады. Өлең аралас ұйқасты (шалыс ұйқас та, шұбыртпалы ұйқас та, қара өлең ұйқасы да бар екеніне мысалдар келтіріледі.);

Ә)Өлең шумақтарына әуен тауып айтқызу.

2.3. Ар-ұят туралы өлеңдегі мақалдарды тапқызып, өздеріне  де айтқызамыз:

1.Өлімнен ұят  күшті.

2.Арымнан жаным садаға.

  1. Қоянды қамыс өлтіреді,

Батырды намыс өлтіреді.

  1. Батыр бір өледі, қорқақ күнде өледі. т.с. с.

2.4. Сөздік жұмысы (өлеңдегі кей тіркестердің мағынасын ашып, оқушының сөздік қорына енгіземіз.)

— тепсініп тулады –қатты ашуланды;

— санақ- есеп;

-түнеді –бұл жерде бағалады, ұйыды мағынасында;

-жауырсыз ат қалмай – үстіндегі ері алынбағандықтан, үсті жараға айналды мағынасында;

-терлік – аттың жауырынын ер қажамас үшін астына салынатын киізше;

-жан –тәнін — өмірін, басын мағынасында;

-отамай –құртпай, жоймай т.б.

                                    ІІІ. Білімді бекіту бөлімі.

Сызба арқылы түйіндеу.

         1.1.Сонымен, ҰЯТ дегеніміз:

-зор парыз, үлкен қасиет;

— ата-баба (әке,ана) тәрбиесі;

-ар, намыс биіктігі;

-адал достық;

-тынымсыз еңбек;

-тіліңе тағзым;

-өнерлі,білімді болу;

-жан мен тән сұлулығы;

-еліміздің өткені, бүгіні, ертеңі .

Ұлы ақын бабамыз Абайша айтсақ:

Үш ақ нәрсе -адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек…

                                                                                           

терең ой                                  талап                               иман,рақым

Ақыл ‹                               →  Қайрат ‹             ›    →     Жүрек ‹

              білім                                          жігер                                ұят, ар

Осы қасиетті игерген толық адам ғана ел, мемлекет мұратын зор жауапкершілікпен келесі ұрпаққа табыстай алады.

1.2.Шағын психологиялық  тест :

1.Өлең маған :            А)қатты ұнады   Ә)ұнады  Б)ұнаған жоқ;

2.Жұбан атаның бізге айтар ойын :   А)өте жақсы түсіндім  Ә)  жақсы түсіндім

Б)түсінбедім;

3.Ұят мен үшін :         А)аса қымбат      Ә) қажет сияқты      Б)қажетсіз;

4.Қазіргі заманда ұят :    А)  қай кезде де қажет     Ә) кейде ғана қажет  Б)қажетсіз;

5.Бүгінгі сабақтан : А)қанаттандым    Ә) ұят туралы білдім   Б) жалықтым.

                              ІҮ Үйге тапсырма .

1.Өлеңнен өздеріне ұнаған жеті шумақты жаттау;

  1. «Ұят –зор парыз, зор сүндет»тақырыбына шағын шығарма жазу.

                              Ү.Бағалау

Сабаққа ынталы қатысқан оқушылардың бәрі бағаланады.

                              ҮІ. Сабақты қорытындылау.