Мультимедиа технологияның қолдану аясы. Интернет адамның күнделікті өміріне қолдану

76
Сабақтың тақырыбы  Мультимедиа  технологияның қолдану аясы. Интернет адамның күнделікті өміріне қолдану
Сілтеме
Сабақтың мақсаты а)Мультмедиа  технологиясының  қолданылуын компьютерлік программалармен салыстыра қарастыру.

ә) Компьютерлік  фильмнің жасалу жолдарын  оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыру.

б)  Оқушыларды өз беттерінше және жұппен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Нәтиже  Оқушылар  компьютерлік фильмнің жасайтын программаларды бірі-бірінен ажырата біледі.

Компьютерлік фильмнің жасалуы жолдарын  интернеттің көмегімен қарастыра алады.

Сабақтың түрі, типі СТО стратегияларын  пайдалану
Сабақтың әдіс – тәсілі Жұппе жұмыс
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, маркер, қағаздар, оқулық
Ұйымдастыру кезеңі Боймен бөлу
Қызығушылығын ояту Жаңа  сабақтың тақырыбын ашу үшін  оқушыларға  үй тапсырмасы бойынша  «Жуан-жіңішке  сұрақтар» стратегиясын пайдалана отырып  сұрақтар қойылады.

  1. Мультимедиалық  технологиялар мен ақпараттық технологияның айырмашылығы

Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл «face to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.

Мысалы: Жалпы, шетел тіліне компьютерлі технология арқылы оқыту келесі ерекшеліктері арқылы сипатталады:
1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен жеке қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіншіліктің болуы;
2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана алу.
Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары әр түрлі және өте көп.
Мультимедиялы технологиялардың көмегімен мұғалімдер шетел тілін оқыту барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:
1. грамматиканы оқу (теория);
2. грамматиканы оқу (жаттығу);
3. лексиканы оқу;
4. жазу, сөйлем құрастыру;
5. ойын;
6. диктант жазу;
7. оқу;
8. дыбыстап оқу;
9. диалог (компьютермен).

«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:
ü Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;
ü Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын;
ü Уақытты үнемдейді;
ü Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады:
1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.
Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын да қамтиды, себебі, білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті.

Мағынаны  тану  Оқушыларды ЖИГСО  стратегиясы бойынша  алдын-ала   АВСД деп оқушыларды топқа  бөліп  алып А , Д  топтағыларын  бір топқа ВС топтағыларын екінші топқа  бірігтіріп тапсырма беру.
  1. Мультмедиа технолиясы арқылы оқытуға арналған  компьютерлік программалар жайлы айтыңдар.

Мультимедиа — бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің жөне стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің (эффектілердің) интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.
Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өнделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық дерекгердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық, түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан өлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.
Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасу-шыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі).

Ой – толғаныс Интернеттен бағдарламалық жасақтамаға анықтама іздеу.
Бағалау