Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

425

 

Атырау қаласы

 И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Урынбаева Камшат Еркиновна

7-сынып қазақ әдебиеті

 

Оқытудың оқудағы тәсілі ·         Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану;

·         Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану;

 *    Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау.

Тақырып                                   Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Мақсаты  Оқушыларға сөз өнері, ән туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету;
Оқытудың нақты нәтижесі Оқушылар өлеңмен толық танысады, мән-мағынасын ұғынады.Әннің құдіреті туралы біледі.
Уақыты Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс — әрекеті
 

Ұйымдастыру

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша   топқа бөлінеді.

 

  1. Өлеңді жатқа сұрау.
  2. Өлеңді өлең құрылысына талдау.
1. Мұғаліммен сәлемдесу.

2. Өздері суырған сөздер  бойынша топтарына барып отырады.

3. Бағалау парағымен танысады.

«Ой шақыру» Білу

  • Ән дегеніміз не?
  • Қандай ән білеміз?
  • Абайдың әндері туралы не білеміз?
-Қойылған сұрақтарға жауап береді.

— Өз білетіндерін ортаға салады.

—   Ой жинақтайды.

 

«Ой қозғау» статегиясы

 

 

 

 

  Түсіну.

  Тірек сөздермен жұмыс

     Өнер. Ән. Табиғат. Білім-ғылым. Махаббат

 

Берілген тірек сөздерді қолданып өз ойларын айтады.

  «Талаптыға нұр жауар»   кезеңі       Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін  Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Өлең аттары      Эстетикалық көзқарас
Өлең – сөздің патшасы Өлеңге анықтама беру, ақын мақсаты, тыңдаушыға, ақынға қояр талабы
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Өлеңді жастарға үлгі беру мақсатында жазу;

жастарға қояр талабы; өнерді қор етпеу

туралы пікірі

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа Адам өміріндегі әннің орны, әнге,әншіге,тыңдаушыға қояр талабы. Ақын мақсаты
Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән, тәтті күйдің адам өміріндегі орны. Ақынның махаббаты. Ақын және өнер
Адамның кейбір кездері Сөздің, өлеңнің  туу сипаттары. Ақын және

халық мұңы, зары. Ақын және замана.

Ақынға қояр талабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген өлеңді  оқып, бір – біріне түсіндіреді.

 

Топпен жұмыс

Қолдану

—          Ақынның айтайын деген ойы қандай?

—          Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды)

3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық  көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.

Өлеңі Әнге қояр талабы Тыңдаушы және әнші Поэтикалық ерекшелігі Ақынның жетістігі, табысы
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» «Әннің де естісі бар» «көбінесе ән басы келеді ащы» «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық» Ұйықтап жатқан ойды ән оятар Әннің адам өміріндегі маңызын ашып береді.Әншіге, әнге эстетикалық талап қоя біледі.

 

 

 

 

 

 

 

     Сергіту сәті

Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.
«»

 

Талдау

Өлең құрылысына талдау

 Өлеңді талдайды.
 

 «Бірге ойлаймыз»

 

. 1. «Менің сүйікті әншім» 2. «Сүйікті әншім»

  1. «Әнді сүйсең менше сүй»
  «RAFT» әдісі Қорытындылау

«Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады.

 

 

Оқушылар рөлге еніп ойларын еркін жазады.
 

 «Авторға хат»

Бағалау.

«Авторға хат жазу»

Оқушылар өз ойларын айтады.
Үйге тапсырма 1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге  байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)

2.     Шығарма  «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»

 

Кері байланыс Рефлексия

— Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.

 

Кері байланысты іске асырады.

Қорытынды сөз Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,

Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.