Micrososft Excel кестелік редакторы. Кестедегі есептеулер

Сабақтың тақырыбы:  Micrososft Excel кестелік редакторы. Кестедегі есептеулер

Сабақтың мақсаты: оқушылар MS Excel-дің есептеу (формула) мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі типті есептеулерді және есептер құрып үйрету:

Сабақ түрі:    Жарыс сабақ

Сабақтың әдістері: СТО: тізбені толтыру, кластер құру, топтастыру, деңгейлік тапсырмалар орындау, Венн диаграммасы

Оқыту формалары: жеке, топтық  және ұжымдық

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   интерактивті тақта,  компьютерлер, слайд-презентация, бағалау парақтары.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті

 

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.  (2 мин)

«Ой шақыру». Оқушылар өздері таңдап алған сандары бойынша топқа бөлінеді топқа ат қояды.

 

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Топтарға тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша берілген «Тізбені толтырайық» көрнекілігін толтыру керек.

1-тапсырма:  «Тізбені толтырайық».  (3 мин)

  1. Кесте дегеніміз не?
  2. Қандай кесте тіктөртбұрьшты деп аталады?
  3. Электрондық кесте дегеніміз не?
  4. MS Excel-ді қосу қалай жүзеге асырылады?
  5. Жол, баған дегеніміз не?
  6. Жол мен бағанның қиылысы қалай аталады?
  7. Әр бет қанша баған, қанша ұяшықтан тұрады?
  8. ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?

 

2-тапсырма: «Терезе элементтерін ата»  (3 мин) (Терезе элементтерінің атауы жасырын тұрады)

3-тапсырма: «Күн сәулесі».  (3 мин) Деректердің  типтерін ашып айту.

(Уяшықтар бос тұрады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (6 мин)

Мұғалім сөзі: Біз электронды кесте дегеніміз не екенін, оған қандай типті деректер енгізуге болатынын білеміз. Сонымен қатар Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады. Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.

 

Амал түрлері:

АрифметикалықСалыстыруЛогикалықАдрестікМәтіндік
+  қосу

  азайту

*  көбейту

/  бөлу

^  дәреже

=  тең

>   артық

>= артық не тең

<   кем

<= кем не тең

AND логикалық және

OR логикалық немесе NO логикалық емес

:

диапазон

&

мәтіндердік қатарларды біріктіру

 

ФОРМУЛА ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі
математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық,  статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді

Ең үлкен мәнді табу – максМАКС(…)МАКС(А1:А9)

 

Аргументтердің арасындағы
максимум санды іздеу
Ең кіші мәнді табу – минМИН(…)

 

МИН(С1:С23)

 

Аргументтердің арасындағы
минимум санды іздеу
Орта мәнді табу –срзначСРЗНАЧ(…)СРЗНАЧ(А1:В5)А1 ден В5 диапазонындағы сандардың арасынан арифметикалық ортасын табу.

 

Кейде ұяшықты басқа орынға көшіргенде, олардың координаты өзгермеуі керек, ол үшін жолдың немесе бағанның координатасының алдына доллар белгісін қояды. Бұл символ кестелік процессорға ұяшықтың координатасын ешқандай жағдайда өзгертпеу керектігін көрсетеді. Мұндай адрес абсолютті адрес деп аталады.

 

СалыстырмалыАраласАбсолютті
А1$А$1$А1 немесе А$1
В2$А$1$А2 немесе В$1

Мысалы: Қызметкерлерге берілетін жалақыны есептеу керек.

Ол үшіналдымен қызметкерлердің аты-жөнін, жұмыс жасаған уақытын және айына алатын жалақы мөлшерін толтырып аламыз. Қызметкерлер жалақысын әр түрлі жолмен есептеуге болады.

1.3 жолды түгелімен ерекшелеп, құрал-саймандар панеліндегі

батырмасын шерту.

  1. Е4 ұяшығына =СУММ(B4:D4) формуласын жазуға болады.
  2. Е5 ұяшығына =B5+C5+D5 формуласын жазуға болады.

 

АBCDЕ
1Қызметкерлерге берілетін жалақы (теңге)
2Аты-жөніҚазанҚарашаЖелтоқсанБарлығы
3Мұхтаров А.
4Азаматов Н.=СУММ(B4:D4)
5Отаров А.=B5+C5+D5
6Тәжиев Б.

 

  1. Практикалық тапсырмалар. Практикалық бөлімде оқушыларға «Деңгейлік тапсырмалар» беріледі. Әр топ өз деңгейлеріне қарай тапсырма таңдайды. Деңгейлік тапсырмаларды тапсырмаларды орындау үшін оқушылар алдымен жұмбақ шешеді.

1 – деңгей. Оқушылардың орташа жасын анықтау. (4 мин)

Қорбаң-қорбаң етеді,

Балды жақсы көреді.  (Аю)

Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.

Электрондық кестенің мүмкіндіктерін өмірде пайдалану мақсатында оқушылардың орташа жасын анықтауға болады. Ол үшін:

  1. Сынып тізімі және оқушылар жасы берілген.
  2. Барлық оқушылардың жалпы жасын тауып аламыз.
  3. Оқушылардың жалпы жасын оқушы санына бөлеміз.

 

2- деңгей. Терезенің көлемін анықтау. (4 мин)

Өзінше ноян,

Қорқақ не?  (қоян)

Ендеше қоянның жасырған тапсырмасын орындайық.

Электрондық кестенің мүмкіндіктерін  өндірісте пайдалану мақсатында жасалған терезелерді бағалау. Бұл тапсырмада әртүрлі пішіндегі терезелер түрлері берілген. Осы терезені тапсырыс берушінің өлшемі бойынша көрсетіп, бағалау керек. Ол үшін электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдалану өте ыңғайлы. Айталық, терезе өндіретін фирманың бағасы бойынша 1 кв метрі – 50 доллар.

Тапсырыс берілген терезенің  көлемін анықтау.

  1. Терезенің ені мен ұзындығы берілген.
  2. Терезенің ауданын тауып аламыз.
  3. Пайда болған терезе ауданын 50 долларға көбейтеміз.
  4. Шыққан АҚШ долларын теңгеге айналдырамыз. (1 доллар – 150 теңге)

3-деңгей. Ойлаған санды табу. (4 мин)

   Өзі қу, жүрген жері у.

   Бұл не? (Түлкі)

Ендеше түлкінің тапсырмасын орындап көрелік.

Электронды кестенің мүмкіндіктерін пайдаланып «Ойлаған санды табу» есебін шығарып көрелік.

Бір сан ойла, оны 10-ға көбейтіп, 2-ге бөліңіз. Шыққан санды айтыңыз. Ойлаған санды табу керек. Мысалы: х*10/2=25. 25*2/10=5. Ойлаған  саныңыз «5». Тексеру: 5*10/2=25.

  1. Шыққан санды 10-ға көбейтіп, 2-ге бөлеміз.
  2. Жаңа сабақты бекіту. (4 мин)

А) «Венн диаграммасы». Microsoft Word және Microsoft Excel бағдарламаларын салыстырып, Венн Диаграммасын толтыру. Интерактивті тақтада екі бағдарламаның жұмыс ортасы көрсетіліп тұрады.

 

Microsoft Word 

Ұқсастығы

Microsoft Word
ЕрекшелігіЕрекшелігі
 

 

 

 

 

 

  

 

  1. Үйге тапсырма беру: (1 мин)
  1. Microsoft Excel редакторы. Кестедегі есептеулер.
  2. Өз бетімен Excel-де формулаларды қолдануға есепті шығару жолымен  құрастырып келу.

 

VII. Оқушыларды бағалау. (1 мин). Оқушылардың өздері толтырған бағалау парақтарындағы бағалары мен мұғалімнің қойған бағасын салыстырып бағалау.