Есептеу техникасының даму тарихы

31

Қысқа мерзімді жоспарлау

 

Пән мұғалімі Пәні Сабақтың тақырыбы Класы Күні
Бертлеуова Нұрлыгүл Нұрсұлтанқызы Информатика Есептеу техникасының даму тарихы 7г 10.10.2012
Сілтеме 1.Н.Ермеков, Н.Стифутина  7-кластың информатика оқулығы, Атамұра-2012 ж.

§6, 24-31 беттер,

2. Н.Ермеков, С.Пилипенко «Информатикадан дидактикалық материалдар практикумы», «Информатикадан оқыту әдістемесі»,  Атамұра-2007 ж.

2.1.3-тапсырмаcы, 50 -бет

«ЕТ даму тарихы» флипчарты

Жалпы мақсаттары Есептеуіш техникасының даму тарихын, ЭЕМ буындарын, элементтік базасын, негізі сипаттамаларын туралы білім қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі Есептеуіш техникасының даму тарихын, ЭЕМ буындарын, элементтік базасын, негізі сипаттамаларын туралы білім қалыптасты. Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзін бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді.
Негізгі идеялар ЕТ даму тарихын, ЭЕМ буындарын, сипаттамаларын, элементтік базасын  зерттей отырып ұғынып және түсінуге ықпал ете білу.
Тапсырмалар 1- әрекет.

«Еске түсірейік!» атымен үй тапсырмасын тексеру. Берілген 10 cұраққа «иә», «жоқ» түрінде жауап беру, дәлелдеп түсіндіру.

2-  әрекет. Ой қозғау

«Компьютерлер орталығы» атымен берілген флипчартта қандай құрылғыны алатындығын, артықшылығын, техниканың даму үстінде екендігінен тақырыпты анықтау.

3- әрекет. Мағынаны ашу

№1 тапсырма.

«Есептеуіш құрылғылар мен машиналар»  атымен берілген флипчарт тапсырмасында мұражайында берілген құрылғыларды салыстырып, зерттеп, ойын жинақтап, реттеу, пікірін айту арқылы дәлелдеу.

№2 тапсырма.

«ЭЕМ буындары» аталған мұражайындағы ЭЕМ-ның бес буынның элементтік базасын зерттеу, реттеу, өздігінен ұғыну арқылы пікір айту, дәлелдеу.

4- әрекет.

ЕТ даму тарихын және ЭЕМ-ның буындарын, элементтік базасын, сипаттамаларының жетіспейтіндігін  флипчарт арқылы түсіндіру.

5- әрекет. Сөзжұмбаққа сұрақ қою, жауап табу арқылы жаңа материалды меңгерту.
Кезекті оқу ЕТ даму тарихы

 

 

 

Мұғалімнің жазбасы
Уақыты Мұғалімнің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті
3 мин Топқа бөлу

Ақ, қызыл, көк, жасыл, сары парақшалар бойынша бес топқа бөлем.

Оқушылар түсті парақшаны өздері таңдап, сол топқа орналасады. Әр топқа 4 оушыдан орналасады.
7 мин Үй тапсырмасын тексеру

Бағалау критерийін тақтаға ілдім. Бағалау бетшелерін тараттым. «Еске түсірейік!» атымен берілген флипчарт бетінде жазылған 10 сұрақ берем. 10 балл жинаған оқушыларды өздерінен сұрап біліп тақтаға шығарам, түсіндірттем.

Оқушылар бетшедегі 10 сұраққа дәптерге «иә», «жоқ» сөздерімен дәптерге жауап береді. Оқушы өзінің жұбындағы оқушымен дәптерлерін алмастырады. Флипчартта осы сұрақтың жауабын өшіру құралымен өшіріп көріп, тексереді. Әр сұраққа 1 балл бойынша есептеп бағалау бетшесіне жазып қояды. 10 балл жинаған оқушы интерактивті тақтаға шығып өшіріп жауабын көрсетеді және неге олай жауап бергендігін түсіндіреді.  10 сұраққа жауабында сұрау белгісіне неге қойылғанын, жауабын түсіндіреді.
5 мин Ой қозғау

«Компьютерлер орталығы» атты флипчарт бетінде IBM  фирмасы шығарған компьютер мен ноутбуктің қайсысын сатып алар едің? деген флипчарт дайындайды. ЕТ  қандай деңгей екендігін анықтауға, тақырып шығаруға берем.

Топ мүшелері өзара пікірлеседі, бір оқушыны топ қорғауға шығарады. Оқушы IBM  фирмасы шығарған компьютер мен ноутбуктің қайсысын алатындығын,  интерактивті тақтаға шығып қаламды пайдаланып,  сызбамен көрсетіп жазады және неліктен таңдағандығын түсіндіреді. Басқа топтарда қайталанбайтын өз пікірлерін қосады. Оқушы өз ойын түйіп, тақырып шығарады. Оқушы әр пікірді 1 баллмен бағалап, бағалау бетшесіне жазып отырады.
8 мин Мағынаны ашу тапсырмалары:

  1. «Мұражайдағы есептеуіш құрылғылар мен машиналарды» мұражайындағы жәдігелерді реттеп, өз пікірін дәлелдеуге беремін.
Оқушылар флипчарттағы берілген мұражайға бару. Бірінші бөлмесінде берілген есептеуіш құрылғылар мен машиналардың қысқаша берілген сипаттамаларын оқып, айырмашылығын және дамуын зерттеп, зерделей отырып  реттеп орналастырады. 6 құрылғының әр  дұрыс орналасуына 1 баллдан бағалау.
8 мин
  1. Мұражайдағы ЭЕМ-ның даму буындарын  реттеп, өз пікірін дәлелдеуге беремін.
Оқушылар мұражайдың екінші бөлмесінде берілген ЭЕМ буындарын, элементтік базасын, сипаттамаларын оқып, айырмашылығын және дамуын зерттеп, зерделей отырып  реттеп орналастырады. 5 құрылғының әр  дұрыс орналасуына 1 баллдан бағалау.
4 мин ЕТ даму тарихын және ЭЕМ-ның буындарын, элементтік базасын, сипаттамаларының жетіспейтіндігін  флипчарт арқылы және электронды оқулықтан  айтып өтем. Өз флипчартынан түсініп отырды.

Өз компьютерінен электронды оқулықпен жұмыс жасайды.

7 мин Сөзжұмбақ торларын флипчартта дайындадым. Әр сұраққа және әр жауапқа 1 балл беремін. Оқушы бір топ тордағы әріп санына бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды, қалған топ жауап беріп, жауабын интерактивті тақтаға қалам құралын қолданып жазады. Тапқан сұрағының, жауабының баллын бағалау бетшесіне жазады.
3 мин Қорытынды. Бағалау бетшесінен бағаларын қойамын. Кері байланысқа стикер таратам. Бағалау бетшесіне жиынтық баллын шығарады, тақтадағы критерийі бойынша бағалайды. Өз көңіл – күйлерін стикерге жазады.