Диаграмманы баспаға шығару

Сабақтың тақырыбы:  Диаграмманы баспаға шығару

Сабақтың мақсаты: 

         

Білімділік:                     Диаграммаларды баспаға шығаруды үйрету.

 

Тәрбиелік:                   Оқушылардың ой еңбегін дағдылауға, өз

бетімен жұмыс істеуге, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:         Ойлау шеберлігінің, түйсіктің және естің

дамуы; дамыта оқыту негізінде оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:                             Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі:                          Лекция.

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Үй тапсырмасын сұрау.
    2. Жаңа сабақты түсіндіру.
    3. Сабақты бекіту.
    4. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесемін. Кезекшіден оқушылардың бар жоғын сұрастырып, түгендеймін. Түгендеп болған соң оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп қадағалаймын. Оқу құралдарын дайындауларын сұраймын.
  • Үй тапсырмасы.
  1. Жаңа тақырыпқа көшу.

Диаграмманы  баспаға  шығару, кітап  беттерін  баспаға  шығарғанға    ұқсас.Диаграмманы  баспаға  шығармас  бұрын,  алдын ала көру режимін  пайдаланған  дұрыс. Диаграмманы  қағазға шығарудын  мына екі  вариантының бірін  таңдау мүмкіндігі бар;

  • Диаграмманы кітап бетінің бір  бөлігі  етіп  шығару немесе  жеке параққа  шығару.Егер диаграмма  кестемен  қатарластырылған (встроенная) болса, онда

Ол өзіне сәйкес кестемен бірге қағазға шығарылады, Мұндай  диаграмманы жеке параққа басып шығару үшін  оны белгілеп алып,Алдын ала көру (Предварительный  просмотр) батырмасын шерткен соң баспаға шығару командасын орындаймыз. Баспаға шығару кезінде мүмкіндігінше диаграмманың өлшемін Стандарттар параққа лайық күйге келтірген жөн.

Ол үшін:                                                    

  1. Саймандар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасында тышқанды шертеміз:
  2. Парақ (Страница) батырмасында тышқанды шерткенде пайда болған сұхбат

терезесінің  диаграмма ішкі бетін ашамыз:

  1. Барлық парақты пайдалану (Использовать всю страниц) ауыстырғышын   қосамыз  да ,  ОК   батырмасында   тышқанды   шертеміз;
  2. Егер алынған  нәтиже   қанағатанарлықтай  болса,  Баспа  (Печать)  батырмасын,  одан  кейін  ашылған  сұхбат  терезеде  ОК   батырмасын  шертеміз.  Нәтиже   қанағаттандырмаған   жағдайда  өз  қалауымызша  парақ  параметрлерін  тағайындаймыз;

Егер  диаграмманың  орналасуы  ұнамаған  жағдайда,  Жабу  (Закрыть)  батырмасын  шертіп,  қажетті  өзгертулерді  жасағаннан  кейін  алдын  ала  көру  режиміне  қайтадан  ораламыз .

 

  1. IV. Сабақты бекіту.

 

  1. V. Үйге тапсырма беру.