Зергерлік өнер

Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер

Сабақтың мақсаты: 1. Зергерлік өнер туралы түсінік беру.2. Эстетикалық тәрбие беру.    3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Жабдықтау:   дәнектер, моншақтар, жұмсақ сым.

Сабақтың мазмұны

 І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақа)Түсіндіру.Зергерлік өнер деп бағалы металдар мен асыл тастардан сәндік бұйымдар жасауды айтады.Зергерлер металдар мен асыл тастардан алқа, сәнді түйреуіш, сақина, сырға, тұмарша жасайды.  Суретте тұмаршаның екі түрі берілген. Тұмарша сәттілік пен бақыт әкеледі деп есептелген. Ол жамандық пен қырсықтан,тіл көз тиюден сақтайды. Зергерлік бұымдарды әйелдер мен қыздар мейрамда киетін киімдерімен тағады. Зергерлік бұйымдар жеңіл материалдардан жасалады. Олардың сыртқы пішіні қарапайым болады.

ІҮ. Білімді бекіту.Дәнектерден, моншақтардан зергерлік бұйым жасау

Ү. Оқушылардың білімін тексеру.-Сен әшекейлік әсемдік бұйымдар тағасың ба?-Олар неден жасалған?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік