Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы.Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

68

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы.Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

 

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

  1. Жалпы
  2. ДК-де жұмысты бастау алдында
  3. Жұмыс істеу кезінде
  4. Авариялық жағдайларда
  5. Жұмысты аяқтағанда

 

Есте сақта:

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын кауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін
    және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне
    көз жеткізу керек.
  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі кою керек.

 

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең колайлы кашықтығын (60-
    70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық — 50 см.
  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету
    әдістерін, өрт сөндіргіпшен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

 

 

 

  1. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  2. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

 

Тапсырма: Жалпы қауіпсіздік ережелерін жазыңыз.

Есте сақта:

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
    көрсету;
  4. Дәрігер шақыру {мектептің меддунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жакын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
  2. Күйген жеріне май жағу (винилин);
  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жақын жердегі емдеу мекемесінен).

 

 Тапсырма: Көз талғанда қандай жаттығулар жасайсыз?