Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.

227

Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.

 

Негізгі  ұғымдар:   Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз.

 

«Алгортим» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) осы атының латынша жазылуы – alqorithmi —  жазылуынан шыққан.

Алгортимдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі  алгоритмдеу деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз  -құрастырылған алгортиммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде  атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.

Компьютер — кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.

Мысал:

у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:

1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;

2) У – ті  b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;

3) с – ны  х – ке  көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;

4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;

5) У1 –ді У3 –ке  көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.

 

Негізгі ұғымдар: Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету  программа деп аталады.

 

 

Алгоритм қасиеттері:

 

Анықтамасы:
Айқын дәл, өрнектелу қасиеті Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек.
 Дискреттік (үзіктілік) қасиеті.

 

Белгілі командалар негізінде қадамдарға бөлу жолымен алгоритмнің ретімен орындалуы алгоритмнің дискреттік қасиеті деп аталады.
 Нәтижелілік қасиеті Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек.
Жалпылық немесе ортақтық қасиеті Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады.
Формальды орындалуы Атқарушы командалардың мәнін түсінбесе де, оны орындай отырып, белгілі бір нәтижеге жетеді. Яғни, алгоритмді формальды орындайды.

 

Тапсырма №1:  

А) У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:

y=(4x + 2)2 + x3;

 

Б)  Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап.

1) х – ке 1-ді қосып, нәтижені b1 деп белгілеу;

2) 1 – ді b1— ге бөліп, нәтижені b2 деп белгілеу;

3)  b2 – ден 1 –ді алып тастап, нәтижені b3 деп белгілеу;

4)  b2 –ге 1 –ді  қосып, нәтижені b4 деп белгілеу;

5) b3 – ті b4 – ке бөліп, нәтижені b5 деп белгілеу;

6) b5 – тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.

 

Тапсырма №2:  Цинк , 96℅ -тік күкірт қышқылы, су, колба, пробирка берілген. Сутегін алу алгоритміндегі қатені түзетіңдер:

Колбаны үстелге қойыңдар.

Колбаға қышқыл құйыңдар.

Колбаға су құйыңдар.

Бөлініп шыққан газды пробиркаға жинаңдар.

Колбаға цинк тастаңдар.

 

Тапсырма№3: АВ кесіндісі берілген. Төмендегі алгоритм қандай есепті шешуге арналған:

Циркульдің ұшын А нүктесіне қою.

Циркульдің  қадамын АВ кесіндісінің ұзындығына тең етіп алу.

Шеңбер сызу.

Цикульдің ұшын В нүктесіне қою.

Шеңбер сызу.

Шеңбердің қиылысу нүктелері арқылы түзу жүргізу.

 

 

Тапсырма№4: «Компьютерде ойнау» алгоритмін құрыңыз.

 

 

Үйге тапсырма:

Тапсырма№1: Жолдан өту алгоритмін құр.