Енгізу,шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру

Енгізу,шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру

Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе   readln қарапайым операторлары қолданылады.

Read – ағылшынша оқу , readln (read line)  — қатарды оқу

Есіңе сақта: Пішімі:  read(a1, a2, a3, …, an);

Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе   writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Есіңе сақта: Пішімі:  write(a1, a2, a3, …, an);

Негізгі ұғым: Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол  ретпен атқарылатын программалар.

Тапсырма№1:  Берілген программаны теріңіз.

Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

Program bolindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Write (‘a, b-сандарын енгіз’);

Readln(a, b);

X:=a/b;

Writeln(‘x=’,x);

End.

 

Тапсырма№2: Екі санның азайтындысын табу программасын құру керек.

Тапсырма№3:  Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) [1] , у = a* b

Тапсырма№4: Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу программасын құр және компьютерге енгіз.