Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR

Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторының екі түрі бар:

FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;

FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;

Мұндағы, S1 және  S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер;  for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор>  — цикл тұлғасы.

For – үшін, to – дейін,  do – орындау деген мағынаны беретін түйінді сөздер.

Down – төмен, to – дейін,  downto – кері қарай

Мысал: 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру.

(for операторын қолдану арқылы)

Program esep3_1;

Var                       {айнымалыларды сипаттау бөлімі}

N, S:Integer;       ,y  – бүтін сандар }

BEGIN               {программа басы}

S:=0;                                       

Цикл денесі

For N:=1 to 100 do  { цикл 100 рет айналады}

  S:=S + N;              { қосындыны есептеу}

Writeln(‘S=’, S);     { нәтижені экранға шығару }

End.                          { программа соңы}

Программа нәтижесі:

S=__________.

Тапсырма№1: n натурал саны берілген. Есептеу керек:

1*2+2*3*4+. . . .+n(n+1) . . . .2n

Тапсырма№2: a1,a22, a33, . . . ., a1010;