Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс

Жиымдар. Бір өлшемді жиым  элементтерімен жұмыс

Негізгі ұғымдар: Жиым-бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымды құрайтын әрбір мән оның элементі деп аталады.

Жиымдардың негізгі параметрлеріне  оның   типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің  саны) жатады.

Есіңе сақта: Паскаль тілінде жиымды (массивті) программада қолдану үшін алдымен оларды міндетті түрде арнаулы  array of (ағылшын тілінен аударғанда массив) операторы арқылы сипаттап жазу керек.

Оның жазылу пішімі:

type <тип аты> = array[<индекс типі>] of  <элемент типі>;

var <идентификатор, …> : <тип аты>;

 

Мысал 1: 13 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.

PROGRAM ORTA;

Var

X:array [1..13] of integer;     {массивті сипаттау}

I:integer;

S:real;

Begin

        S:=0;

        Writeln(‘бос орын арқылы 13 сан енгізіңдер:’);

For i:=1 to 13 do         

Begin

         Read(x[i]);          {массив элементтерін енгізу}     

         S:=s=x[i];           {массив эл-нің қосындысын есептеу} 

 End;

S:=s/13;                       {арифметикалық ортасын есептеу}

Writeln(‘s=’,s:8:4);     {нәтижені баспаға шығару}

End.

Тапсырма№1:А массиві берілген. А массивінің элементтерінің қосындысын есептейтін программа құрыңыз:

 

Тапсырма№2: Бірөлшемді 5 элементтен тұратын А массиві берілген. А массивінің әрбір элементін 2 –ге көбейткенге тең В массивін алыңыз.