Ә.Кекілбаев «Күй»

37

Сабақтың тақырыбы:            Ә.Кекілбаев «Күй»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:           Ә.Кекілбаев «Күй» хикаятының мазмұнын ұғындыру, адами, әлеуметтік мәселелерді түсіндіре отырып, шын өнердің бағасын зұлымдық та жеңе алмайтынын жазушының өз қолтаңбасы арқылы анықтау.

 

Дамытушылық:  Уақыт сарынына сай өрілген проблемалық сұрақтар арқылы оқушының ой еркіндігін, белсенділігін арттыра отырып, өздігінен білім алуға баулу.

 

Тәрбиелік:           Оқушыларды шығарма кейіпкерлерінің болмыс біліміне, табиғи тіршілігіне, тарих тереңіне бойлата, талдау жасата отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ұстамдылыққа, мейірімділікке баулу.

 

Сабақтың түрі:                      жаңа  материалды меңгерту сабағы

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері:       мәтін талдау, әңгімелесу, ой бөлісу, сұрақ-жауап, топтастыру, жартылай іздендіру.

 

Сабақтың  барысы:               І.Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

  1. Кіріспе сөз. Мұғалімнің Ә.Кекілбаев туралы өлең оқуы

 

Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,

Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.

Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,

Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.

 

Бақыт кейде десек те азапты нұр,

Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.

Қаламменен біліммен, парасатпен,

Көтердіңіз қазақты биікке бір.

 

Жылытса жүректерді жан шуағы,

Біліммен көңіл кірі аршылады.

Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан

Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!

 

 

  1. Ә.Кекілбаев аса дарынды жазушы, көрнекті қоғам және

мемлекет қайраткері.

1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Онды ауылының Мырзайыр жерінде дүниеге келген.

 

Таушықтағы шахта орта мектебін бітірген.

 

Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетін тәмамдаған.

 

Алғашқы кітабы «Шуақты күндер» 1962ж

 

Шығармалары – «Үркер», «Аңыздың ақыры», «Ханша-дария хикаясы», «Абылайхан», «Күй», «Бәсеке» т.б.

 

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие.

 

  1. «Күй» хикаяты — 27 жасында жазылды

Әйгілі прозашы ретінде танудың бастамасы.

 

Орыс тіліне аударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма.

 

 

«Шын өнердің басты міндеті-өзінің адамгершілік рухын жоғары ұстау. Өнер барлық өнер атаулымен күресте үстем болуға тиіс. Ә.Кекілбаев осыған үндейді»

Зоя Кедрина

 

ІІІ. Шығарманы оқып-түсіну үшін жасалатын жұмыстар:

 

  1. Мәтін бойынша талдау

 

ІІ топ

 

 

Мәңгүрт  қазақтар оқиғасы

 

 

ІІІ топ

 

 

Көкбөріге берілген ас

І топ

 

 

Түрікпен ауылының сипаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Танымын, ойлау белсенділігін арттыру талдау сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қауқиған сеңсең 1.Қалай ойлайсыңдар, түрікпендер

бөріктер кімдер?                                                                     мен адайлар арасында жаугер-

шіліктің болу себебі неліктен?

 

2.Мәңгүрт қазақтар деген                                                  2.Мәңгүрттік дегенді қалай

кімдер еді?                                                                           түсінесіңдер? Осы ұғым

қандай шығармада бар еді?

 

3.Түрікпендердің ас беру                                                   3.Тұтқын қазақтардың қашып кету

дәстүрінде қандай                                                            мүмкіндігі бар ма еді? Өркениетті

айырмашылық бар екен?                                                елдерде адам құқығы қорғала ма,

бостандық дегенді қалай      түсінесіңдер?

 

4.Жөнейіт батырдың неше ұлы бар еді?                          4. «Еркекке найза мен қылыштан

Олардың қазасы туралы не айтылады?                          басқа не өнер керек?» деген     ұғымға қандай пікір айтар едіңдер?

 

5.Дәулеттің бойында қандай өнері бар?                           5.Әке мен баланың арасындағы

Әкесі мен ағасының оған көзқарасы қандай?               үнсіз келіспеушілік неге байланысты еді? Ата-баба әруағына құран бағыштау дегенді қалай түсінесің?

 

  1. Шығармашылық жұмыстар

І топ- Салт-дәстүр, ырым жайлы ой-пікір айту, нақты мысалмен.

ІІ топ- Ар-намыс, ер-ез ұғымына байланысты шағын ой толғау

ІІІ топ – «Өнер тұншықпасын» тақырыбына ой толғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Салыстыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

түйіні                                      түйіні                                     түйіні

Жанға-жан

Қанға-қан

Намыстың найзадан басқа қорғаушысы жоқ.

Ой-сананы улаған қатыгездік
«Қолдан жасалар мәңгүрттікке жол жоқ!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шығарманы оқып-үйренудегі оқушы әсері туралы пікір айтқызу

а) Хикаят оқиғасы ұнады ма, несімен?

ә) Қай тұстары сендерді әр түрлі күйге салды? (қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, толғантты, ойландырды т.б.)

б) Оқиғаға автордың жеке көзқарасы қалай деп ойлайсыңдар?

в) Бүгінгі сабақта кімнің жауабы, пікірі көңіліңнен шықты?

г) Мүлде естімеген тың мәлімет алдым деп ойлайсыңдар ма?

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау:     Үйге тапсырма: «Күй» хикаятын  толық оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:     Төлеуова  Анар Қаражігітқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

                                    Маңғыстау облысы

                                     Түпқараған ауданы

                                     Жалау Мыңбаев орта мектебі