Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы

214

Сембек Әмірхан.

ОҚО, Түркістан қаласы, Аманкелді жалпы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

 

Сабақтың құрылымы:

Пәні: Қазақ әдебиеті. 10 сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1) Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске үйрету, шығармаларымен таныстыру.

2) Қазақ халқының әнші – ақындары жайлы білімдері мен ой — өрістерін дамыту, ұлттық ән өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

3) Өнерді қадірлеуге, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Әдеби, аралас сабақ

Әдіс – тәсілі: шығармашылық, өзін – өзі дамыту, тірек – сызба.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Жаяу Мұса Байжанұлы жөнінде әдебиеттер мен газет – журнал материалдары, бүктеме, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын қадағалау және Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақсиса» өлеңін тыңдату.

Үй тапсырмасын сұрау: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов кім?  Сал – серілер поэзиясында аттары алтын әріппен жазылған әнші – сазгерлерді атап беріңдер. Сегіз серінің қандай әндерін білесіңдер.

Жаңа сабақ:                Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 — 1929)

ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны, әнші – сазгері Мұса Байжанұлы 1835 жылы қазіргі Повладар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келді.

Мұса ауыл молдасынан 5 – 6 жыл оқып хат таниды. 15 жасында Қызылжар қаласына келіп, әр түрлі жұмыс істеп жүріп орысша үйренеді. Сол қалада бірнеше жыл жүріп білім алады. Кейін Омбыда жүріп, бос жүрмей музыка жанрларын өз бетінше түсінуге тырысады.

Ауылына қайтқан Мұса, анасы баптап отырған жалғыз атын, Шорманның Мұстафасы тартып алады. Мұса соған қарамастан ауылдарды жаяу аралап, өнерін елге көрсетіп жүре береді.  Мұсаның ашу – ызасы ақындық тілімен еркін төгіледі. Мұса зорлық – зомбылыққа қарсы өршіл рухпен үн қатады. Сол кезде «Ақ сиса» әнін шығарады:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса – сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен «Жаяу Мұса».

Жаяу Мұсаның өлеңдері: «Ләйлім», «Көкаршын», «Сұршақыз», «Сәулем қыздар», «Шолпан», «сапаржан», «Құлбай», «Қабір басында», т.б.

Поэмалары: «Олжабай батыр», «Данышпан қыз». Мұсаның тағы да басқа өлеңдерінің көбісі аңшылық пен қыздарға арналған.

Жаяу Мұсаның әндері Біржан салдың әндерімен үндесетін классикалық туындылар: «Көгаршын», «Хаулау», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», т.б.

Дарынды дала перзенті 1929 жылы, өзінің ата қонысында, 94 жасында қайтыс болады.

Жаяу Мұса – ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының біртуар дарынды перзенті,  өлмес мұра қалдырған ақын, әнші, сазгер.

Сабақты бекіту: Сабақты оқушылардан тест тарату арқалы бекітемін.

Үйге тапсырма: Жаяу Мұсаның «Сәулем қыздар», «Көгаршын», «Хаулау» өлеңдерін мәнерлеп оқу және талдау.