Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискке көшіру. WINDOWS қолданбалары.

56

Сабақтың тақырыбы: Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискке көшіру. WINDOWS қолданбалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды дисктерді пішімдеу операциясымен және обьектілерді дискке көшіру ерекшеліктерімен таныстыру, WINDOWS ОЖ стандартты бағдарламалары туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Компьютермен жұмыс
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

 

І. Ұйысдастыру. Оқушылармен амандасып. Жоқ оқушыларды тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тескеру. Кмпьютерде тест жұмысын орындау. Орындап болғасын компьютер берген тестілеудің қорытындысын бағалау парағына түсіру.

 

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары

  • Объектілерді көшірумен жылжыту дегеніміз не?
  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?
  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?
  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты түсіндірмес бүрын мен сіздерден мынаны сұрағым келеді:

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не үйрендік?
Объектілерді көшіруді

Жылжытуды

Көшірудің жолдарын

Объектілерді жоюды

Объектілерді қалпына келтіруді

Дискілерді форматтауды

Обектілерді дискіге көшіруді

Флеш жадыны форматтауды

Обектілерді флеш жадыға көшіруді

Дискіден флеш жадыға объектілерді көшіруді

Стандартты программаларды

 

Дискімен жұмыс істегенде, оларды пішімдеу керек болады. Пішімдеу кезінде дисктегі барлық ақпарат жойылады.

Дискіні пішімдеу үшін:

  1. Мой компьютер белгішесінің терезесін ашамыз
  2. Қапшық терезесіндегі D: дискінің
    белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертеміз
  3. Қосымша менюден Форматировать командасын орындаймыз

WINDOWS экранында пішімдеудің қажетті тәсілін таңдайтын терезесі пайда болады. Пішімдеудің екі әдісі бар:

  1. Толық — пішімдеу кезінде дискінің бұзылған секторлары бар-жоғын тексеру әдісі. Бұл әдіс негізінде диск жаңа болғанд қолданылады.
  2. Тез — пішімдеу кезінде дискеттегінің барлығын өшіру әдісі

Флеш жадыны пішімдегенде де дәл осындай командаларды орындаймыз.

 

Объектілерді диске көшіру:

  1. Дисканы дискенгізгішке саламыз
  2. Дискке көшіретін объектіні белгілейміз
  3. Тышқанның оң жағын басып көшіру командасын орындаймыз
  4. Мой компьютер қапшығын ашамыз
  5. D: Дискіні ашып «Записать на компакт диск » командасын орындаймыз

 

Объектілерді флеш жадыға көшіру

  1. Флеш жадыны USB портқа енгіземіз
  2. Көшіретін объектіні белгілеп тышқанның оң жағын басып «Көшіру» командасын орындаймыз
  3. Мой компьютер қапшығын ашамыз
  4. F: дискісін ашамыз «Қою» командасын орындаймыз

 

WINDOWS қолданбалары.

WINDOWS қолданбаларына стандартты бағдарламалар жатады. Оларды іске қосу үшін Бас мәзір «Пуск» — «Барлық бағдарламалар» — «Стандартные» командаларын орындаймыз. Windowsжүйесінің стандартты программасы құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

  • Мәтіндік құжаттар дайындау;
  • Графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
  • Жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • Математикалық есептерді орындау және т.б.

Стандартты  программалар олар

  1. WordPad
  2. Блокнот
  3. Калькулятор
  4. Мекенжай кітабы
  5. Paint
  6. Сілтеуіш (провадник)
  7. Windowsпен танысу т.б

 

  1. Практикалық жұмыс: Компьютерде орындау.

 

1 тапсырма. Карточкада берілген тапсырманы орында

а) D: дискісін пішімде

ә) Өз папкаңды D: дискісіне көшір

б) Флеш жадыны пішімде

в) Өз папкаңды флеш жадыға көшір

г) D: дискісіндегі құжатты флеш жадыға көшір

Оқушылардың компьютерде орындаған тапсырмаларын қасына барып жеке –жеке тексеріп бағалау парақтарына бағаларын қоям.

 

Сергіту сәті:

1-жаттығу

— Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

— Алысқа қадалын қарандар.

2-жаттығу

— Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.

— Алысқа қадалып қарандар.

3-жаттығу

— Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

-Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

— Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

— Алысқа қадалып караңдар.

 

2-тапсырма. Дискке объектіні көшірудің негізгі жолдарын жазыңдар.

І саты
ІІ саты
ІІІ саты
Дискіні диск енгізгішке салу
Көшіретін объектіні белгілеу
Көшіру командасын орындау
IV саты
Мой компьютерден D: дискісін ашу «Қою» командасын орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды:

«Вен диаграммасы» Дискімен Флеш жадының айырмашылығы, ортақ қасиеттері.

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не үйрендік?
Объектілерді көшіруді

Жылжытуды

Көшірудің жолдарын

Объектілерді жоюды

Объектілерді қалпына келтіруді

Дискілерді форматтауды

Обектілерді дискіге көшіруді

Флеш жадыны форматтауды

Обектілерді флеш жадыға көшіруді

Дискіден флеш жадыға объектілерді көшіруді

Стандартты программаларды

Дискіге объектілерді көшіруді

Флеш жадыға объектілерді көшіруді

Дискіден флеш жадыға объектілерді көшіруді

Стандартты программаларды

 

  1. Бағалау: Бағалау парақтарына қарап оқушыларды бағалау. Журналға, күнделіктеріне бағаларын түсіру.

 

  1. Үйге тапсырма: 104-105 бет. Дискілерді пішімдеу. Объектіні дискетке көшіру. Тақырыптарын оқып түсінгенін айту. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру