Компьютерлік вирустардан қорғау

43

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:___________                                               Тексерілді: ___________            

Директор: Карипбаев Т.С.                 Оқу ісінің меңгерушісі:  Мусина А. А.       

 

 Мерзімі: 23/Х
Сабақтың атауы Компьютерлік вирустардан қорғау.
Сілтеме 8-сынып күнтізбелік жоспар
Мақсаты ·  Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру.Антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету.

·  Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, білім деңгейлерін көтеру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

·  Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

·  Жаңа білім беру негізінде СТО бойынша топтық жұмыс жасату.

Оқушылар  үшін оқу нәтижелері ·    Антивирустық бағдарламалартуралы толық мағлұмат алу;

·    Антивирус бағдарламалармен жұмыс.

Сабақта туындаған түйінді (негізгі) идеялар ·    Есте сақтау: ЭЕМ-мен жұмыс және ақпараттарды қорғау;

·    Білу/түсіну:  Вирустар туралы білім алу;

·    Жаңаны білу мүмкіндігі:Қазіргі кездегі  антивирустар туралы.

·    Пікір талас: Вирустар туралы пікірталасу, антивирус бағдарламаларды салыстыру.

 

Қолданылған ресурс және көрнекілік Оқулық, интернет, электрондық оқулық , интерактивті тақта.
Тапсырмалар Топпен жұмыс. Бос орынға қажеті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр. Компьютермен жекелеме жұмыс.
Топ көшбасшылары шығып тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды. Диалогтік тәсіл бойынша деңгейлік сұрақтар қою.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып түгендеу (2 мин).

 

ІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу.

Вирустар, олардың түрлері, вирусқа қарсы программалар туралы түсінік беру.Презентация көрсетіп, біраз мағлұмат беру.(10 минут).

Сабақ жазбасы бойынша мақсаттармен, міндеттермен және түйінді идеялармен арақатынасын белгілеу.

 

1-тапсырма Топпен ақылдасып, орындау. Бос орынға қажеті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.(5 минут).

Компьютерлік вирус дегеніміз —   әдетте, шағын өлшемді(____  ден____ байтқа дейін)_______ және басқа программаларды___________________  (яғни ол ______көп қайтара көшірмелейді және оны басқа программалардың кодына қосады) арнайы компьютерлік программа.Ішінде вирусы бар программа___________________________ деп аталады.

 

2-тапсырма.Топ көшбасшылары шығып тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды.Тапсырмаларды орындау.(5 минут).

1.      Жұмыс үстелінен вирусқа қарсы бағдарламаның лақабын табыңыз;

2.      Компьютерді вирусқа тексеру.

3.      Антивирус программаларды орнату.

4.      Терезеден нысандарды тексеруді бастау батырмасын басыңыз.

Жабдықтар:Интерактивті тақта, қалам.

 

3-тапсырма Компьютермен жекелеме жұмыс.(10 минут).

1.Компьютерді вирусқа тексеру.

2. Архивтік көшірмелерінен қажетті файлдарды қалпына келтіру.

3.Дискіден зақымданған файлдарды өшіру.

 

4-тапсырма

Диалогтік тәсіл бойынша  сыныпта оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында, деңгейлік сұрақтар қою.(10 минут)

ІІІ деңгей

1.      Компьютерлік вирус дегеніміз не?

2.      Вирус әрекеттері білінуінің негізгі себептері?

3.      Компьютерлік вирустардан ақпараттардықалай қорғайды?

4.      Қандай вирусқа қарсы программаларды білесің?

ІІ деңгей

1.      Компьютерлік вирустардың қандай типтері бар?

2.      Компьютерлік вирустардан ақпараттарды қорғау?

3.      Вирус әрекеттері және оларға сипаттама бер?

4.      Вирус топтары?

І деңгей

1.      Жүктемелік  вирустың  жұмыс істеу принциптері қандай?

2.      Файлдық вирустардың жұмыс істеу принциптері?

3.      Вирустардың білінуінің негізгі белгілері?

4.      Қандай вирустарды білесіңдер?

 

Кейінгі оқу §5.5 48-51бет оқу. Вирустар, вирусқа қарсы бағдарламалар туралы интернеттен деректер қарастыру.(1 минут)
Тәжірибелік сабақты бағалау Әр топ өз ішінде бір-бірінің жұмысын бағалайды. Бағалау парағын толтырып отырады. Бағалау парағына сүйене отырып, оқушылардың жұмысын бағалаймын.(2 минут) Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.