А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі

213

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы :А.Құнанбаев  «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі

Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаев  «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1.«Көңіл  құсы құйқылжыр  шартарапқа » өлеңі туралы  білу.

2.Өлеңді  құрылысына    талдау арқылы  түсіну;

3.Өлеңнің құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап үйрену;

Күтілетін нәтиже 1.«Көңіл  құсы құйқылжыр  шартарапқа » өлеңі туралы білетін болады;

2. Өлеңді шумағына, ұйқасына талдау арқылы түсінеді;

3. Өлеңді құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап  үйренеді;

Негізгі идеялар Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырып, ол қазақтың әніне арналған өлеңі. Бұл өлең 1896 жылы жазылған, көлемі 38 жолдан тұрады.
Тапсырмалар 1.       «Радиоға  қоңыраулар  шалу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

2.        Сұрақ қою техникасы

3.       Топтық жұмыс  (мәтінді талдау)

4.       АКТ-ні пайдалану

3. Жұптық жұмыс

4. Жеке жұмыс

Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу

Мақсаты  : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін  нақтылау

3 минут

2 минут

 

 

 

1.Қолайлы психологиялық  жағдай қалыптастыру;

2. Алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау  мақсатында «Радиоға  қоңыраулар  шалу»арқылы үй тапсырмасын сұрау

3. Тақырыпты анықтау мақсатында түрткі сұрақ қою

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру)

 

Оқушылар радио жүргізушісі болып өз білімдерін пысықтайды

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

 

Сынып оқушылары смайликтер арқылы  үш топқа бөлінеді

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеуін қадағалау

10 минут

Абай Құнанбайұлының » Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында  оқулықты пайдалану.
Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топ  өлеңнің 1,2,3- ші шумақтарын мәнерлеп оқиды, өлеңнің авторын, тақырыбын, жанр түрін, идеясын табады;

2-топ өлеңнің 4,5,6-ші шумақтарын оқиды, мазмұндайды, шумағын, тармағын, бунағын, ұйқасын табады

3-топ 7,8,9 –ші шумақтарын  оқиды өлеңнің ішінен әдеби теориялық ұғымдарды табады.

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды.

 

 

Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

1-топ  ­«Ән өнері» тақырыбында постер  толтыру

2-топ    Интернет желісін  пайдалану арқылы ақынның басқа ән туралы   өлеңін тауып, мәнерлеп оқып береді

3-топ   Алған әсерлері бойынша сурет салу немесе бір шумақ өлең шығару

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, интернен желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын  сурет арқылы еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Кестемен жұымыс (жұптық жұмыс)

Өлеңдер Шығарма стилі Шығарма стиліне  сай  таңдалған сөздер
Қансонарда бүртікші шығады аңға
Қараңғы түнде тау қалғып
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Оқушылар берілген кестені толтырады.

 

Берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, салыстырады.

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда  өзара бағалауы жүзеге асады.

 

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

 

7минут

­«Әнді сүйсең , менше сүй» тақырыбында эссе жазу

 

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады.
Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

3 минут

Рефлексия

Критериалдыбағалау жүзеге асады

Рефлексия

Үйрендім         ?    Қиын болды

 

Оқушылар өздерін бағалау парақшалары арқылы шынайы бағалайды

 

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.