Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері Кембридж университеті бағдарламасы бойынша

48

Ақтөбе  қаласы

Пригород орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Туркменбаева Алима Азижановна

Кембридж университеті бағдарламасы бойынша 7 класқа  арналған қысқа мерзімді жоспар

ПӘНІ Информатика КЛАСЫ
ТАҚЫРЫП Компьютер құрылғыларының  міндеттері мен мүмкіндіктері
МАҚСАТЫ Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың  міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьтердің негізгі құрылғылары –жүйелік блок, монитор, пернетақта, ЖЖҚ-мен таныстыру; ақпаратты меңгерту,  тыңдай білуге, сұрақ қоюға дағдыландыру,  оқу үшін  жауапкершілікті түсіндіру, бағалау түрлерін үйрету.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Компьютердің  негізгі  құрылғыларын, олардың  міндеттері мен мүмкіндіктерін біледі, ақпаратты меңгере алады; мәтінге байланысты сұрақ қоюға  дағдыланады; кластастарын тыңдай білуге үйренеді; өзінің және өзінің кластастарының оқуы үшін жауапкершілікті бөлісе біледі;  сын тұрғысынан ойлауды үйренеді, бір-бірін бағалай алады.

 

КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

* Амандасу. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.  Психологиялық тренинг.  Компьютердің  құрылғыларының  суреттерін құрастыру арқылы  топқа бөледі.  ( жүйелік блок, монитор,  пернетақта, колонка)  Амандасады.  Бір –бірімен амандасады. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі  смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.

Бір –біріне жақсы тілек білдіреді.

 

Оқушылар  сурет бойынша топқа бөлінеді.

1-топ-жүйелік блок,

2-топ монитор;

3- топ пернетақта,

4 -топ  принтер.

 

Компьютер құрылғыларының суреттері.

Қызығушылықты ояту

(3 минут)

Суретте қандай құрылғы берілгенін, оның атқаратын қызметі,  не үшін қажет деген сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын біледі.

Біз бүгінгі сабақта  компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың  сипаттамаларын  қарастырамыз.

 

Әр топ   сурет бойынша өз ойларын ортаға салады.

 

 

Мағынаны тану

(15 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(15 минут)

 

Топтарға оқулықты пайдаланып тапсырма беру. Әр топ өз тапсырмаларына  постер жасау арқылы, немесе көрініс арқылы түсіндіру қажет.

1-топ – жүйелік блок 34-36 бет,

2-топ- монитор  36-38 бет,

3-топ пернетақта, 38-43 бет,

4-топ –принтер  43-46 бет.

Компьютердің құрылысымен  таныстырылым жасауына бағыт беріп, әр топтың жұмыс жасау бағытын бақылайды.

 

Жүйелік блокта  құрылғылардың  орналасу тәртібі  жазылған, бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар  «ия, бұл солай»,  «жоқ,  олай емес деп   белгілеп  отыру керек.

 

Арнайы пернелердің  қызмет кестесін толтыру тапсырмасын береді.

Перне аты Перненің қызметі
Enter
Shift

 

 

Электронды оқулықтан тапсырма орындатады.

№  2,  5 тапсырма.

 

1-3  топ берілген тақырыпты оқып танысып, топта талдайды. Оны постерге салады. 4 топ  техника дүкенінде диалог   Әр топ қорғайды.

 

 

 

 

Жүйелік блокта  құрылғылардың  орналасу тәртібі  жазылған, бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар  «ия, бұл солай»,  «жоқ,  олай емес деп   белгілейді.

 

 

Арнайы пернелердің  қызмет кестесін толтырады.

 

 

 

 

Электронды оқулықтан тапсырмалар орындайды.

 

Топтар бірін –бірі бағалау критерийі бойынша  бағалайды.

1.Тақырып мазмұнының ашылуы.

2. Толық, түсінікті жеткізілуі.

3. Көркем-делуі.

4. Сөздік қоры.

5. Рөлде ойнауы

 

 

Топ басшысы бағалау парақшасы бойынша бағалайды.

 

 

Бағалау парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық

Ой толғаныс

— (10 минут)

«Компьютер  құрылғылары туралы білетінім», «Компьютердің адам өміріндегі  маңызы тақырыбында эссе жазады.

 

 

Оқушылар компьютердің  құрылғыларының  міндеттері мен мүмкіндіктері туралы не білгенін, үйренгені туралы жазады.

Әр топтан үздік эссені оқиды.

 

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Өзін –өзі бағалау.

🙂   тақырыпты жақсы меңгердім.

: -?  Сабақты  жақсыдан төмен  меңгердім, әлі де  жұмыс  жасауым қажет.

: — (  бұл тақырып бойынша көп жұмыс  жасауым қажет.

Оқушылар  тақтада тұрған ағаштың суретіне  стикерге салып жабыстырады.

Үй  тапсырмасы: Компьютер құрылғыларының  міндеттері мен мүмкіндіктері туралы   таныстырылым   әзірлеу.