Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру

46

Тақырып: Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.

Білімділік мақсаты: фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруға үйрету;

заттарды түрі, түсі, пішіні бойынша салыстыруға үйрету, ұқсастықтары мен

ерекшеліктерін ажырата білуге төселдіру.

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ойын толық жеткізуге

дамыту оқушылардың бойында салыстыру, көздеп  ажырату

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: тез ойланып, қорытынды жасауға, байқағыштыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: суреттер,геометриялық фигуралар..

Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, көрнекілік, бекіту,ойын, өздік жұмыс.

 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

  1. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1.Сандар қатарын 1-10 дейін тура және кері атап шығу.

2.Ойын «Мен саған, сен  маған»

Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өз ойын жеткілікті жеткізе білу

дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: тақтаның алдына шыққан 2 оқушы бір-біріне сұрақтар қояды.  Мысалы: — сыныпта неше

қыз бар? Сне нешінші партада отырсың? Т.с.с.

Орындарында жұппен де жұмыс ұйымдастыруға да болады.

Соңында: қандай қызықты сұрақтар қойылды, деп тексеріп шығуға болады.

3.«Мен не туралы айттым?» ойыны.

Мақсаты: оқушылар геометриялық фигуралардың сипаттамасын қаншалықты білетіңдерін,

мұғалім сөздерін мұқият тыңдағандарын, ойлау қабілеттері дамыту, шапшаң болуға

жетелеу.

Шарты: Көрнекілік плакатта көрсетілген фигуралардың біреуін мұғалім сипаттайды, оқушылар

тану тиіс.

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Практикалық кезең: а) оқушылар алдарында жатқан шаршы фигураны талдайды:

— түсі қандай?

— түрі қандай?

— пішіні қандай?

Мұғалімнің нұсқауы бойынша фигураны бүктейді.

— қандай фигура пайда болды?

— неше үшбұрыш пайда болды?

                                          

                                                 ә) Дәл осындай жұмысты алдарында жатқан үшбұрышпен өткізеді.

                                  Бүктегеннен кейін: — неше және қандай фигуралар пайда болды?

2.Жұппен жұмыс: а)  екі үшбұрыштан төртбұрыш құрастыру;

ә) бір үшбұрыш пен бір төртбұрыштан үй салғызу;

б) бір дөңгелек пен бір үшбұрыштан қыз баланы мүсіндеу;

в) бір дөңгелек пен бір төртбұрыштан робот құрастыру;

  1. Шығарашылық жұмыс: геометриялық фигуралардан өздері қалаған затты құрастыру.

Тексеру: — қандай затты құрастырдыңдар?

— Ол үшін қандай және қанша фигуралар керек болды?

 

ІҮ. Білімді тиянақтау.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Топпен жұмыс: І топ- адам бейнесі

ІІ топ- зымыран

ІІІ топ- кран

 

 

  1. Дәптерде жұмыс.

Графикалық диктант:                  

  • Дөңгелектің оң жағына үшбұрыш сал;
  • Үшбұрыштың оң жағына шаршыны сал;

 

Ү. Рефлексия.

 

 

 

  • Суреттен қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?
  1. Қазір үй оң жаққа «қарап» түр.

Бір сіріңкенің орнын ауыстырып,

үйді басқа жаққа  «қаратып» қой.

 

  1. — Сабақ үстінде немен айналыстық?

— Қандай жұмыс түрі сендер үшін қызықты болды?

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаПысықтау
Келесі жазбаНүкте. Кесінді