Пысықтау

48

Тақырып: Пысықтау

Білімділік мақсаты: алған   білімдерін пысықтауға арналған арнайы  жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін  дамыту. Білімге

деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ойлампаздыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Көрнекілігі: жаттықтыру парағы

Қолданылатын әдіс:ойын, анаграмма,  өздік жұмыс.

 

Сабақ барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

  1. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

  1. «Жасырылған сан» ойыны

Мақсаты: оқушылардың сан қатарында сандардың орнын  қаншалықты білгендерін тексеру,

логикалық ойлау    қабілеттерін дамыту, белсенділікке жетелеу.

Шарты: бос торкөздерге жоқ сандарды қою.

1    3    5                                 10   8   6                 0

  1. «Мақалды тап» ойыны

Мақсаты: пәнге қызығушылықтарын ояту, тілдерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шарты: сандардың орнына керек әріптерді қоя отырып, мақалды алып шығу.

1     2     3     4     5     6     7     8     9    10

А    н    ы     ң     б     л      с     т     ү      і

 

1 2 1 2 3 4 7 9 8 10 5 1 6

 

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Анаграмма: П С  Ы   Ы  Қ  А  У  Т   (пысықтау)

— Ендеше, бүгінгі сабақта біз сендермен алдынғы күндері  алған білімдерімізді еске

түсіреміз де,  не үйренгендеріңді көрсетесіңдер.

  1. «Жаттықтыру парағы» бойынша жұмыс.

Әр оқушының алдына «Жаттықтыру парағы»  беріледі.

(Оның басында әр оқушының аты-жөні жазылған, бүгінгі күн көрсетілген  және 5 тапсырма берілген. Тапсырмалар оқулықта  және «Жұмыс дәптерінде» осы сабаққа ұсынған тапсырмаларға ұқсас. Бірақта оқушылар оларды жеке «жаттықтыру» парағында орындайды да сабақ соңында мұғалімге тексеруге тапсырады.)

Мақсаты: сабаққа қызығушылығын арттыру, өздігінен жұмыс жүргізе алу  қабілеттерін дамыту,

білім  деңгейлерін анықтау.

Ү. Қорытынды.

ҮІ. Бағалау.

Жаттықтыру парағы

Аты – жөні:

Жазған күні:

 

№1

 

Тең және тең емес кесінділерді тауып белгіле.

 

 

№ 2

Үй неше үшбұрыштан құрастырылған?

 

 

 

 

 

№ 3

Қызыл жолақты түгелдей жабу үшін ақ жолақтардың нешеуін алу керек?

Ал көк жолақтан қанша алу керек?

№ 4

Қиықтардың қайсысымен сурет жамалады?

 

№ 5

Суреттегі үшбұрышқа 3 үшбұрыш шығатындай етіп, 1 кесіндіні қалай жүргізуге болады? әр түрлі тәсілмен орында.