Шандор Петефи «Ұлт» өлеңі

Cабақ жоспары:

Тақырыбы:  Шандор Петефи «Ұлт» өлеңі

65-сабақ.                      

Сынып: 7А            

Сынып бөлмесі: №2

Күні: 17.05.2012

Уақыты: 10.00-10.45

Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер»

Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Диалог құру», «Синквейн», «ДЖИГСО» тәсілі.

 

УақытыМұғалімнің іс-әрекеті:

Не істеймін?

Оқушының іс-әрекеті:Ресурстар: осы іс-әрекет үшін қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық  және т.б қажет?
2Оқу мақсатын алға қою сұралды.

Шандор Петефи өмірі мен «Ұлт» өлеңінің негізгі ойын ашуда, оқушыларды сыни ойлауға, сұхбат құруға тарту.

 

 

 

 

Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру. Мұғалім сәлемдесті, ауа-райын, көңілдерін сұрады.

Оқушы мақсатын қосты.

Бұл өлеңнің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуды үйрену керек.

Болашақта ұлттық құндылықтарды бойыңа сіңірген ұрпақ қатарын көбейтуге өз үлесімізді қосу.

 

Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасты құрады.

2Топқа бөлу. Оқушыларға күрескер ақындарды нақыштайтын сурет қиындылары таратылады, тақырыпқа негізделген суреттеу бойынша 3 топқа бөлінеді.

Топтарға күрескерлер, азаткерлер, жыршылар деген топ аттары беріледі.

Оқушылар суреттегі азаткер ақыгдарды реттеп, өз сыңарларын тауып, топтасады.Суреттер (азаткер, күрескер ақындар)
5Тұсаукесер.

Шандор Петефи.

Күрескер ақын туралы тұсаукесер көрсетіледі. Бұл тұсаукесер арқылы оқушылардың бойынан  патриоттық  сезімді оятып, өз елінің, ұлтының адал азаматы болуына сенімдерін күшейту.

Ойларын жинақтайды, ортаға салып, талдайды.Power Point

«Шандор Петефи»

3Ой қозғау (түрткі сұрақтар)сұрақтары ұсынылады.

·        Шандор Петерфи кім?

·        Ақын қай ғасырда өмір сүрді?

·        Ақынның поэзиясы, өмірі қазақ халқының қай ақындарымен үндес деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жеке, жұпта, топта ойды жинақтайды, пікірлерін айтады,  сұрақтарға жауап береді.Парақшалар
5Өткен сабақпен байланыс:

Үш оқушымен кеңес (диалог, әңгімелесу).

Өткен сабақты қайталау мақсатында үш оқушымен кеңес тапсырмасы беріледі.

 

Оқушылар А.С.Пушкин шығармашылығы бойынша өз білгендерін, оқығандарын сұрап, жауап берді, ал жазушы жазып отырды.

Жұмыс тәртібі:

А-сұрақ қоюшы

В-жауап беруші

С-жазып алушы әрекетіне түсіп, сұхбаттасу үлгісін көрсетті.

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл» тәсілі, берілген плакатарға Петефи, ақын туралы білетіндерін, кластер арқылы толықтырады.

1.     Шандор Петерфиді кім деп білеміз?

2.     Қандай шығармалары бар екен?

Ортақ ойды кластерге түсірді және жұмыстарын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын таныстырылым

 

 

 

 

 

 

 

5

 

Синквейн тәсілі.

Күрескер, жыршы, азаткер деген сөздерге 5 жол өлең жазу керек.

Бес жол өлең құрастыру.

1 не?

2 қандай?

3 не істеді?

4 не үшін?

5 жалпы ойды түйіндеу

Оқушылар жеке-жеке жұмыс жасайды,өлең шығарып топта ақылдасады, ең үздігін плакатқа жазып таныстырады.

 

 

3Сергіту сәті: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бір түрі. «Егер өмірге адам болып келмесем, гүл болып келер едім, себебі гүл өмірдің сәні – тазалық кепілі».

Оқушыларға тоқылған жіп беріледі, соны бір-біріне лақтырып, сыни тұрғыдан ойланады.  Соңында сол жіптен бір бейнеленген математикалық фигура шығады.

Оқушылар ой қозғайды, саралайды, сыни тұрғыдан ойланады, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.Мезеттік таныстырылым
8Шағын топта өлеңді талдау, мағынасын ашу.

Дәлел келтіру, қорғау (оте жақсы жетістіктерге жеткісі келетін оқушы немесе топ лидері)

1.     Ақын ұлтын неге шақырады?

2.     Азаматтық лирика дегеніміз не? Осы өлең арқылы Петефидің азамат ақын екендігін дәлелдеңіздер?

Өлеңді жеке оқу. Әр топтан бір лидер екінші топқа барып өлеңде не туралы айтылғанын қысқаша түсінгенін айтып берді. Оқушылар ортақ ойды шағын топта қорғайды.Шандор Петефи шығармалар жинағы.

 

 

2Қорытындылау

а) Бағалау: сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.

 

ә) үй тапсырмасы:

 

 

Бағалау парағына өз еңбегінің қалыптастырушы бағалауын жүргізеді.

 

Келесі сабақта «Ұлт» өлеңін жаттау.

Қосымша О.Генридің өмірі мен шығармашылығы жайлы интернеттен мағлұмат қарастырып, презентация дайындап келу қажеттілілігін түсінді.

 

Бағалау парағына

 

3

 

Рефлексия

Мұғалім стикерлер таратады.

Не ұнады? Ұсынысым?

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныс, пікірлерін жазады.

 

Стикерлер

 

Сабақты бағалау

Күні: 17.05.2012

Сыныбы: 7 «А»

Қай  уақытта: 10.00-10.45

Сабақ қалай өтті?

Cабақ жоспарымда Шандор Петефидің «Ұлт» өлеңі бойынша тақырып өткіздім. «Күрескерлер», «Азаткерлер», «Жыршылар» болып қима қағаздарын біріктіру бойынша үш топқа бөлдім. Сыныпта тәртіп ережелері мен нормалары жақсы деңгейде сақталған. Сонда ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру ойынын, яғни «Өз-өзін, досын мадақтау» ойынын пайдаландым. Осы жаттығу нәтижесінде оқушылар осы ақпаратты өте жақсы қабылдады. «Мадақтау өте жақсы екен», «Көңіл-күйіміз көтерілді», «Өзара қарым-қатынасты нығайтқан сияқтымыз» деген сияқты ойларымен бөлісті.

Ой қозғау (түрткі сұрақтар), оқушының оқытуда диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезінде талқылауға қатысуы негізінде «Шандор Петефи кім?Ақын қай ғасырда өмір сүрді? Ақынның поэзиясы, өмірі қазақ халқының қай ақындарымен үндес деп ойлайсыңдар?» сынды сұрақтар қойдым. «Шандор Петефи ел үшін, азаттық үшін күрескен ақын», «ХІХ ғасыр ақыны», «Шандор Петефидің өлеңінің мазмұн жағынан қазақтың күрескер, ақиық ақыны Махамбет Өтемісұлының шығармасымен үндеседі.» деген оқушы тарапынан жауаптар болды. Өткен сабақпен байланыс орнатуда

үш оқушымен кеңес (диалог, әңгімелесу) сұхбаттасу жүргіздім. Оқушылар А.С.Пушкин шығармашылығы бойынша өз білгендерін, оқығандарын сұрап, жауап берді, жазды.

Сабақ барысында оқушылар «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің бір тәсілі ментальдік картамен жұмыс жасады. Яғни шағын топтар ватманға Петефи туралы білімдерін топтастыру іс-әрекетін асырды.  Осы тұста оқушылардың топта талқылауға ұсынған жұмысты орындауды ұнататындығын, өз пікірін білдірудің маңызды екенін сезінуде қуанатыны көздерінен бірден байқадым. Оқушылар берілген негіздерді басшылыққа ала отырып, алдымен жеке-жеке ойланып, одан кейін жұптасып,топтасып пікір алмасып ақын жайлы өз білгендерін салып, тіпті тың ойлар да көрініс тауып жатты.

«Синквейн тәсілі» де оқушылардың көңілінен шықты. Қатысушы балалар  күрескер, жыршы, азаткер деген сөздерге 5 жол өлең жазу тапсырамсы берілді. Яғни: «1 кім? не? 2 қандай? 3 не істеді? 4 не үшін? 5 жалпы ойды түйіндеу».

«Шандор Петефи

Батыр

Елі үшін күресті

Азаттық үшін

Елі үшін, азаттық үшін күрескен ақын» (Видеотаспа 0044 mp4)

Оқушылар бір-бірімен қызу талқылауға түсіп, сыныпта жұмыс шуы естілді. Оқушылар өздерінің ойларын дәлелдеп, білімдерін көрсетті. Топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастырдым. Яғни оқушылар ой жалғастырады. «Егер өмірге адам болып келмесем, гүл болып келер едім, себебі гүл өмірдің сәні – тазалық кепілі» деп басталатын тренингке оқушылар белсене ат салысты. Осы тұста зерттеуге алған енжар оқушы – Есенгелді өзінің егер өмірге адам болып келмесе, ағаш болып келгісі келетіндігі айтты. Есенгелдіден осы тренингті өткізу кезінде көңіл-күйінің көтеріліп қалғандығын байқадым. Өте қызықты өткен тернингте оқушылар ой қозғады, саралады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Келесі іс-әрекет шағын топта өлеңді талдау, мағынасын ашу болды. «ДЖИГСО» тәсілін қолдандым. Бұл стратегияны жүзеге асырауда Бибәтима, Асыл, Аружан баяндамашының іс-әрекетін атқарды. Әдісті қолдануда оқушылар жылдамдық танытты, бірден ұғынып алып, келесі топқа баяндап, талдай жұмысын жасауда да қапы қалмады, оқушылар өте белсенді түрде жұмыс жасады. (Бейнетаспа 0047 mp4)

Менің байқағаным, жеке, сыныпта, барлықтары сыныптастарымен әңгіме құруға асық, диалогтік қарым-қатынасқа түсу оларға ұнайды. Сыныптастарымен оқу барысында оларға көбірек шығармашылық бағыттағы тапсырмалар,өз бетінше жұмыс жасау ұнады.

Қорытынды бөлігінде  оқушыларды бағалау сәтінде сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өз-өздерін бағалады.

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөнітыңдалымайтылымжазылымоқылымЖалпы баға

 

Бағалау парағына өз еңбегінің қалыптастырушы бағалауын жүргізеді.

 

Сабақта не сәтті өтті?

  • Өзара ынтымақтастық атмосферасы жақсы қалыптасты.
  • Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың бойында қалыптасып қалды.
  • Бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас дамыды.
  • Бағалау сәті оң нәтиже берді.

Нені дамыта аласыз? 7 модульдің түрлерін пайдалана отырып, оқушыны нәтижелі білімге бағыттайтын басқа да сабақ түрлерін өткізіп, әріптестеріммен ой бөлісу. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану, пайдалану.