Пернетақта. Пернелер тобы

102
Апта:6

Күні: 06.10.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

5 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сілтеме: ·         5-сынып оқулығы;

·         5-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Пернетақта анықтамасын және қанша блокқа бөлінетінін білуі қажет.

Функционалдық пернелердің қызметін ажырата білу керек.

ДК басқару пернелерін және амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалана алуы тиіс.

Дамытушылық мәні: Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже: ·         Пернетақта анықтамасын және 5 блогын біледі;

·         Функционалдық пернелердің қызметін қолдана алады;

·         Дербес компьютерді басқару пернелерінің байланысын анықтайды;

·         Қандай да бір амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалануды үйренеді.

Түйінді идеялар: Пернетақтамен танысу

Пернелер қызметтері

Пернелер комбинацяилары

Функционалдық пернелер қызметтері

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс: Математика
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         Дербес компьютер құрылғары және анықтамасы?

·         ДК  құрылғыларының қызметін анықта?

·         ДК құрылғыларының  элементтері?

·         ДК қолдану салалары?

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
5-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Пернетақта. Пернелер тобы» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты топ басышысын есімін таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

5-сынып оқулығында «Пернетақта. Пернелер тобы» тақырыбын оқыту.

 

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы пернелер тобын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған құрылғы туралы топқа түсіндіреді.

Постер дайындау:  пернелерге анықтама беріп, атқаратын қызметін жазады.

Ой толғаныс  (4 мин.)
Ақпарат тақырыбында 5 жолды өлең жазу «Біз және ақпарат» өлең құрастырады
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге 50-56 беттердегі §7. «Пернетақта. Пернелер тобы» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.