Компьютерлік техниканың заманауи бағыттары

59
Апта: 8

Күні: 20.10.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

6 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың заманауи бағыттары
Сілтеме: ·         6-сынып оқулығы;

·         6-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Компьютердің конфигурациясы және сәулетін түсіндіру. Компьютердің заманауи даму бығаттарын және принциптерін үйрету.
Дамытушылық мәні: Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже: ·         Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.

·         Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.

·         Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі.

Түйінді идеялар: Компьютердің заманауи даму бағыттары

Компьютердің жұмыс істеу принциптері

Компьютердің сәулеті және компоненттері

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         ЭЕМ-ның даму кезеңдері

·         ЭЕМ-н жасау элементтері

·         ЭЕМ-ның жұмыс істеу қағидалары

·         ЭЕМ-ның амалдарды орындауы

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
Электронды оқулықтан  Компьютердің заманауи даму бағыттары тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және Хан шатыр  суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Компьютердің заманауи даму бағыттары» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа есептеуіш техникасының суреттері беріледі.

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы есептеуіш техникасы машинасын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған Компьютердің заманауи даму бағыттары  туралы топқа түсіндіреді.

Ой толғаныс  (4 мин.)
Флипчартта Компьютердің заманауи даму бағыттары орны ауыстырылып беріледі. Оқушылар Компьютердің заманауи даму бағыттары сәйкестендіреді.
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге 46-48 беттердегі  §7. «Компьютердің заманауи даму бағыттары» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.