ЭЕМ-ның даму кезеңдері

62

 

Апта: 7

Күні: 13.10.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

6 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-ның даму кезеңдері
Сілтеме: ·         6-сынып оқулығы;

·         6-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Электронды есептеуіш машиналарының (ЭЕМ) даму кезеңдерін білуі тиіс.

Әрбір буындағы ЭЕМ жасаудың негізгі элементтерін және жұмыс істеу қағидаттарын меңгерулері тиіс.

ЭЕМ-нің элементтік базасының ауысуын ажырта алуы қажет.

Дамытушылық мәні: Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже: ·         Даму кезеңдерінде ЭЕМ жасау құралдарын анықтайды;

·         ЭЕМ-ның даму кезеңдерін жіктейді;

·         ЭЕМ жасаудың негізгі элементтерін және жұмыс істеу қағидаларын салыстырады;

·         ЭЕМ элементтік базасының ауысуын талдайды.

Түйінді идеялар: ЭЕМ-ның даму кезеңдері

ЭЕМ-н жасау элементтері

ЭЕМ-ның жұмыс істеу қағидалары

ЭЕМ-ның амалдарды орындауы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс: Математика.
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         Бірінші есептеуіш құралы?

·         Есептеуіш техникаларын кімдер жасады?

·         Есептеуіш техникалары қандай құралдардан жасалды?

·         Есептеуіш техникаларының жұмыс қағидалары қандай болды?

·         Есептеуіш техникаларының қандай амалдарды орындай алды?

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
Электронды оқулықтан ЭЕМ-ның даму кезеңдері тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және Хан шатыр  суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «ЭЕМ-нің даму кезеңдері» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа есептеуіш техникасының суреттері беріледі.

 

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы есептеуіш техникасы машинасын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған ЭЕМ-нің даму кезеңдері туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге суреттерді ретімен желімдеп, әрбір есептеуіш техникасының суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады.

Ой толғаныс  (4 мин.)
Флипчартта ЭЕМ-нің даму кезеңдері орны ауыстырылып беріледі. Оқушылар ЭЕМ-нің даму кезеңдері анықтамасын сәйкестендіреді.
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге 37-45 беттердегі  §6.  «ЭЕМ-нің даму кезеңдері» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.

 

Есептеу техникасының даму тарихы

Сәйкестендіру тесті

Кім және қай жылы Анықтама, түсініктеме
1 Шамамен  б.д.д. 3000 жыл бұрын А Механикалық есептеу құрылғысы. Ондық сандарды қосу және айыру амалдарын орындай алды.
2 1642 жылы. Блез Паскаль Ә Абак, орыс шоттары, жапон саробаны
3 1673 жылы. Лейбниц Б Аналитикалық машина. 5 құрылғыдан тұрус тиіс еді: арифметикалық, есте сақтау, басқару, енгізу және басып шығару. Салмағы 3 тонна, 4000 құрыш детальдан тұрды.
4 1833 жылы. Чарльз Бэббидж. В Табулятор. Халық санағының нәтижелерін өңдеуді жалдамдаты үшін табулятор құрды.
5 1843 жылы. Ада Лавлейс. Г Арифметикалық машина. Төрт арифметикалық амалдарды орындай алды.
6 1890 жылы. Герман Холерит. Д Z1-механикалық негізде жасалып программа бойынша жұмыс жасады.
7 1937 жылы. Конрад Цузен. Ж Чарльз Бэббидж  машинасы үшін алғашқы программалау тілін жазды.