Ш.Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі

77

                                                                                                       Алматы облысы.

                                                                                                       Талдықорған қаласы.

                                                                                                       Ш.Уәлиханов атындағы

                                                                                                       №10 орта мектеп-гимназиясы

                                                                                                       Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

                                                                                                       Ахметова Анара Әділжанқызы

10 сынып, қазақ әдебиеті.

Сабақтың  тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі

Сабақтыңмақсаты:1.Ақын өлеңдерінен жастарымызға үлгі боларлықтай рухани азық алу,ақын сыр шумақтарынаносы қоғамның бейнесін көрсету.

2.Бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кенінен пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі:Ш.Құдайбердіұлының шығармалар жинақтары,өлеңдері туралы слайдтар, суреттер.

Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру  кезеңі.Өткенге шолу жасай отырып,жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгерту.

Мұғалім:Қазір қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ерекше тұрған, ежелден белгілі болған ақын,жазушыларымызды еске алғанда, еңалдымен, Шәкәрімді  атауымыз орынды деп білемін.Өйткені ол Абайдың нағыз  мұрагерлерінің бірі,бірегейі.

Олай дейтініміз,Абай шәкірттерінің ішіндекөп жасағаны да шәкәрім.Ол- әрі лирик, әрі  эпик ақын және прозаик, ол- сазгер.Орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын  таныстырған шебер аудармашы, әрі  сегіз қырлы өнерпаз, үлкен  мәдениет қайраткері.

Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын ашып, айқындап айтып, халқының алдында серт беріп, былай дейді:

Адамдық борышы ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Ақын осы айтқан сертінен  танған емес.Енді  ақын өлеңдерін оқи отырып талдайық..

Слайд көрсету.

Өлеңдерінің аты                  Ар- ұят туралы

өлең жолы

Мазмұны
1. «Жастарға» Арсыз, ғайбат,өтірік ынсапсыздық – Бұлардан бой тасалап ақталалық !

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық.

Арсыздықтан, арамдықтан, ғайбаттылықтан, өтіріктен бой тасалау, яғни бұлардан аулақ болу.
2. «Ашу мен ынсап» Ал, ақылдас, бәрі бар,

Дайын қылдым бәрін де:

Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Біз тұрғанда Арамның

Дәм бола ма нәрінде?

Қайғы емес қой Наданның

Тығылғаны әр інге.

Ұят, Ар, Сақтық, Рахым адамдар арасында орын алғанымен, арамдық та қалыспайтыны.
3. «Анық пен танық» Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,

Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

Арсыз, арам, асығыс, айлакестік,-

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ

Асығыстық, арамдық, арсыздық, айлакестік шайтанның досы болып есептелетіндігі.
4. «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса.

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда да болса.

Арыңды сату арқылы тамақ табу.
5.  

«Партия адамдары»

Мықты байлар, бек жақсы осынықыл,

Арды тастап ,қу менен сұмға тығыл,

Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ең,

«Арам жемтік –азығы иттің» деп біл.

Байлар арды тастап, елді зарлатып,мал жиғаны.
6. «Талап пен ақыл» Ар демек -адамшылық,намыс деген,

Арың кетпесжағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып, алыс деген.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

Ұят күшті өлімнен – дегендей –ақ.

 

 

Ұяттың өлімнен күшті екенін, арды адамшылдық, намысқа жатқызуы.

7. «Бостандық таңы атты» Бостандықтаңыатты,қазағым,көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Ар түзелер адамның адамдық санасын

Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.

Арды жақтаушы адамның тәрбиесін алу.
8. «Шошыма, ойым, шошыма» Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Ар үшін адамдық керектігі, сол адамдықтың арқасында ертеңін ойлап, адал еңбек ету.

 

Оқулықпен жұмыс.

Тақтамен жұмыс.Слайдтан өлең шумағы шығады.Тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрі ажыратылады.

Әдебиет теориясы.

Метафора.     Эпитет.   Теңеу

 Жаңа сабақты игеру сапасын тексеру сұрақтары.

1.Ақынның ағартушылық бағыттағы қандай өлеңдерін білесіңдер?Ақын жастарға нені насихаттайды?

  1. Шәкәрім неліктен талап пен ақыл атты екі ұғымға ерекше мән берді?

3.Ақын өлеңдерінде ар-ұят мәселесіне неге ерекше мән берген?

4.Шәкәрім өлеңдерінің бүгінгі күнгі алатын орны қандай?

 Өтілген жаңа сабақты қорыту.

Қорыта айтар болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ сахарасынан шыққан, барша адамзат қамы үшін еңбек еткен, сол ақиқат жолында жанын құрбан қылып,хақты тапқан халқымыздың зор мақтанышы,қазақтың маңдайына біткен бағы деп бағалар едім.Ақын жалпы өмірді мағыналы да мәнді өмір сүруге болатынын, оның жолы,оқып-үйренетін ғылымы бар ма? деген сұрағына,әрине, рухани қараңғылықтан алып шығатын ғылым да,оны іске асыратын ғалым да  бар екенін айтып кеткен.

Барша қазақ балаларына  қалдырған мұрасын біз, кейінгі жастар  жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстап,  бабамыздың қалдырған  рухани мұраларын  пайдаланып, керегімізге жаратып, мағыналы да мәнді өмір сұрмеске?!

Үйге тапсырма.

1.Ақын өлеңдерін жаттау және «Поэзия  және өмір» тақырыбына шағын шығарма жазу.

2.Ақындық қабілеті бар балалардың өздері қалаған тақырыпта өлең жазып келуін сұрау.

 Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысып, пікір айтқан оқушылардың еңбегін атап айтып,баға қою.