«Сұлушаш» туындысы – шоқтығы биік шығарма.

59

ШҚО, Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймухамбетова Жанна Намазбайқызы

 

11 – сынып      Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Сұлушаш»  туындысы – шоқтығы биік шығарма.

Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының көркемдік ерекшілігіне тоқталу, кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы поэманың тақырыбын, идеясын, мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Көркем сөйлеу, жазу, шығармашылығын арттыра отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытады.
  2. Оқушылардың ой – белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздылық қасиеттерін арттырады, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіре отырып ой бөліседі.
  3. Ақынның шығармаларын талдай отырып, мейірімділікке, сезімталдыққа, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелейді.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекіліктер: Ақынның портреті, кестелер, ватман, маркер т.б.

Сабақ барысы:

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.

І. Қызығушылықты ояту. (2 мин)

— Сіздер, «Сұлушаш» поэмасын оқыған сәтте Сұлушашты көз алдарыңызға қалай елестеттіңіздер?

 

ІІ. Мағынаны ажырату.

Концептуалдық кесте

 

Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға
Сұлушаш Жоғары. Ақылды, парасатты, адамгершілігі мол адам. Жоғары Жоғары
Алтай
Қайсар
Ермек

ІІІ. ЕТК.

 

Тілеуберді жасынан жігіт жиды,

Тоқсан торқа оранып киім киді.

Қыран тазы қолында жұбымен боп,

Қасқыр, түлкі, бұғыны тау қып үйді.

Май туып, жер құлпырып, шешек атты,

Даланы жасыл ала пүліш жапты.

Сай-суларға мөлтілдеп, өзен дағы,

Сылқ-сылқ күліп, бұраңдап, төмен ақты.

Жылы жаздың мейірі ағаштарға,

Сылдыраған, төгілген шолпы тақты.

«Ұл туды» деп шашулар шашылған жоқ,

Қатын жиып қалжа да асылған жоқ.

Шілдехана жасауға туған күні

Екі адамның басы да қосылған жоқ.

Жөргегі жоқ, қап-қара құрымға орап,

Алса да, жанның жаны ашыған жоқ.

Алтай деп әлде қалай атын қойды,

«Азанменен» құлағы ашылған жоқ.

 

Ақын поэмасының тіл ерекшелігіне тоқтала кетсек, әдет – ғұрыпты суреттеумен байланысты қолданылған: жөргек, шілдехана, азан шақырып ат қою, тәңірі, аруақ, құл, күң деген сөздерге түсінік бере кеткеніміз жөн сияқты.

Ой толғаныс. Шығарма кестесі.

 

Шығарма Авторы Басты кейіпкерлер Әрекет желісі Мағыналық болжам Өз қорытындың
«Сұлушаш» С.Мұқанов
«Еңлік-Кебек» Шәкәрім
«Қыз Жібек»

 

Мұнда С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында көтерілген әлеуметтік проблемалық мәселе – Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы екені анық,  «Сұлушаш» поэмасының уақиғаны шешу әдісі  «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебек» т.б. үндес келетіні, ал таптық қоғамда уақиғаның түйінінің бұлай шешілуі өмір шындығының ұштасып жататыны айтылады.

Сонымен, біз сіздермен Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасын жан-жақты талдап, шоқтығы биік шығарма екендігіне көзіміз жетті.

 

Үй тапсырмасы: Поэмадан үзінді жаттау.