10 санының құрамы

65

Пәні: Математика

Сыныбы: 1 сынып

Тақырыбы: 10 санының құрамы

Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру.

Міндеттері: 1. Білімділік: 10 санының құрамымен таныстыра отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, байқағыштық қабілетін дамыту.
  2. Тәрбиелілік: Білімге деген құштарлыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Құрал-жабдықтар: шаблондар, геометриялық фигуралар, машина суреттері, аралар.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Білімдерін жан-жақты тексеру
  4. Жаңа сабаққа мақсат қою
  5. Жаңа сабақ
  6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
  7. Сабақты бекіту
  8. Үйге тапсырма

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа даярлану

Сәлемдесу:     Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, мен сендерге үйден 10 санын жазып келуге бергенмін. Қане, бәріміз дәптерімізді ашып қояйық.

Оқушылардың дәптерлерін тексеру, бағалау.

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Геометриялық фигуралардың артындағы жұмбақ есептерді шешу арқылы оқуға керекті құрал-жабдықтарды сатып алу.

  1. 5 алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?     5-3= 2

  1. Табақта 5 өрік,

Қолымда 4 өрік.

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік?   5+4= 9

  1. Мұратта бар бес іні,

Маратта бар екі іні,

Қоссақ бес пен екіні,

Неше болады шешуі?   5+2=7

  1. Аулада жүр 4 үйрек,

Қорада жүр 1 үйрек.

Ал қанекей санайық,

Барлығы неше үйрек?  4+1=5

  1. Бес үйректің біреуін,

Қамап қойдым қораға

Қалды сонда неше үйрек,

Мынау тұрған далада? 5-1=4

-Балалар жұмбақтарды шешіп өзімізге керекті құрал-жабдықтарды сатып алдық.

ІҮ. Жаңа сабаққа мақсат қою.

-Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешіп көріңдер.

Алмаға кеп күн ара

Қонушы еді бір ара

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп келді бұл ара,

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара?  1+9=10

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

-Біз 10 санымен таныстық. Бүгін 10 санының құрамымен танысатын боламыз.

Ү. Жаңа сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс. 1.Теңдіктер құру.

9+1=10    8+2=10    7+3=10          6+4=10       5+5=10

10-1=9     10-2=8      10-3=7         10-4=6        10-5=5

ҮІ. Жаңа білімді меңгергенін тексеру.

  1. Салыстыр.

10 см  *9 см                     9 см * 10 см

Өрнектерді салыстыр.

10-1 *3+4                10-3*6+1                    10-5*3+1

8+2*4+2                  6+4*10-0                   10-8*7-5

ҮІІ. Сабақты бекіту.

«Қақпадан өтуге көмектес» ойыны.

-Сонымен, бүгін қандай санның құрамымен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

75 бет 3 тапсырманы орындау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау