Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс

58

ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс

 

Жұмыстың мақсаты:

  1. Word мәтіндік редакторында кесте құрудың екі тәсілін меңгеру. Кестелерді түрлендірудің амалдарын үйрену:
  • Ұяшықтарды біріктіру, бөлу
  • Қатарларды, бағандарды жою, қосу
  • Мәтін бағытын өзгерту.
  1. Word мәтіндік редакторында кестелік функциялар комплексін меңгеру.
  2. Word мәтіндік редакторының «есептеу» мүмкіндіктерін үйрену.
  3. Кестенің атауларын автоматты түрде қою мүмкіндігін үйрену.

 

Тапсырма 1: Кесте түрлендіру амалдарын қолданып, жаңа кесте құру.

Жұмыс барысы:

  1. Қағаз бетінің параметрлерін орнат: сол жақ жиегі — 2см, оң жағы — 1,5см, жоғарғы және төменгі жиектері –1см., әрі қарай үлгіге байланысты өзгертуге болады. Жоғарғы колонтитулға дейінгі қашықтық – 0,5см., төменгі колонтитулға дейінгі қашықтық – 1см.
  2. Сөз тасымалын автоматты түрге қою.
  3. Таблицы и границы құрал-саймандар панелін қолданып, №1 кестені сал. №1 Кестенің атын автоматты түрде енгіз.
  4. Менюді пайдаланып, №2 кестені құр. Кестенің атын автоматты түрде енгіз.
  5. №2 кестеде мәліметтерді қызметкерлердің фамилиясы бойынша ретте.
  6. Құжатты әртүрлі масштабта қара (алдын ала көру, структура режимдері).

№ 1 кесте

№ билет Ақпараттану бойынша емтихан Емтихан тапсырушының тегі
1 2 3
Ахметов А.А. Омаров Б.А. Макашева А.П. Үсенова Т.Қ. Беляев М.Ю. Калиева Б.М. Борисова Л.Б. Оразова Д.А.

 

№ 2 кесте

Аты «Жайық- плюс» ЖШС Код ОПКО 603470
Заңды мекен-жайы Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 23 үй, 4 кеңсе
Тіркелу жөніндегі куәлік №345-р, 5 қараша 2009 жыл,Орал қаласының әкімгершілігінде берілген.
Қызметі Т.А.Ә. Туған жылы Қолы
1. Директор Оралов Н.С. 1954
2. Есепші Сауытов А.В. 1968
3. Бас есепші Каланова Т.Л. 1970
4. Есепші Дарибаева Г.Н. 1969
5. Менеджер Борисова Е.Н. 1968

 

Тапсырма 2: №3 кестені құр. «Ең жоғарғы баға», «Ең төменгі баға», «Барлығы» деген ұяшықтарға формула қолдану қажет.

Жұмыс барысы. «Барлығы» ұяшығында қосынды калькулятор қолданбай, автоматты түрде орындалу үшін «Барлығы» ұяшығына формула қолдан (Таблица ® Формула менюі). Пайда болған терезеге SUM функциясын таңда, ал жақшаның ішіне мәндері есептелетін ұяшықтар адресін (ұяшықтар аралығы) көрсет. Бағандар латын әріптерімен (A,B,C,D,E,F және т.с.с.), қатарлар сандармен (1,2,3,4,5,6 және т.с.с.) белгіленеді.

№3 кесте

Тауар аттары Бағасы Ең жоғарғы баға Ең төменгі баға
Барлығы
Етік
2700 6000 450 16360
Тон 6000
Күртеше 3250
Бөрік 2700
Шалбар 700
Көйлек 450
Жейде 560

 

Тапсырма 3: №4 кестедегі белгілі мәліметтер бойынша 2007-2009 жылдардағы тамыз айының орташа температурасын есепте.

№4 кесте

Ай Жылдар Температура Со Орташа температура
Тамыз 2007 25  
Тамыз 2008 18
Тамыз 2009 30

 

Тапсырма 4: WORD кестелерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, 5 кестеде келесі есептеулерді жүргіз.

№5 кесте

 

 

Калькуляция аты

Дайындық шығындары  

 

Жалпы шығын

Қаңтар Ақпан
Цех №1 Цех №2 Цех №3 Цех №1 Цех №2 Цех №3
Өнімдер мен материалдар 2400 1500 1200 3200 1800 600
Технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия 100 90 60 80 80 60
Өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақысы 1200 800 1000 1270 1300 830
Сақтандыру шығындары 407 271 339 4341 441 282
Өндірісті меңгеруге және дайындауға шығындар 185 185
Ақауларға кеткен шығындар 130 140
Басқада өндірістік шығындар 60 120 80 30 136 100