ADOBE PAGEMAKER БАСПА ЖҮЙЕСІ ADOBE PAGEMAKER — мен жұмыс: ашу, шығу, жабу

86

Сабақтың тақырыбы: ADOBE PAGEMAKER  БАСПА ЖҮЙЕСІ ADOBE PAGEMAKER  — мен жұмыс: ашу, шығу, жабу

Сабақтың мақсаты:

Adobe фирмасының үстелүстілік баспа жүйесіне арналған PageMaker бағдараламасымен таныстыру.

PageMaker баспа жүйесі құралдарын әзірлеу мен дайындауда оқушының дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты міндет:

PageMaker бағдарламасы туралы бастапқы түсінітерін  қалыптастырады. Экраннның негізгі элементтерін, құралдардың  неге қолданылытындығын меңгереді.

  1. СТО – ны дамыту:

Шығармашылыққабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.

  1. Топпен жұмыс:

Зеректілік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиеленеді.

Сыныбы:11 «Б»   Қоғамдық –гуманитарлық бағыт

Көрнекілігі:интер тақта, компьютер

Стратегия: «Эссе», «Автор орындығы», « INSERT» немесе түртіп алу, «Кубизм».

Сабақтың түрі: Кіріспе сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру

— Амандасу.

— Оқушыларды түгендеу (журнал толтыру)

— Оқушыларға компьютермен жұмыс журналын толтырғызу.

 

ІІ. Қызығушылықты ояту

 

Adobe фирмасының  Photoshop, PageMaker, ® Illustrat т.с.с. баспа жүйесіне  арналған әр алуан типографиялық өнімді  макеттеуге арналған бағдарламалар.

 

ІІІ. Мағынанытану

Осы Adobe фирмасының  бағдарламаларының ішінде біздің танысатынымыз AdobePageMaker  ол  үстелдік баспа жүйесі – бұл әртүрлі типографиялық өнімдерді: кітаптарды, журналдарды, газеттерді, буклеттерді, және т.б. дайындауға арналған бағдарлама. Оның қазіргі мәтіндік редакторлардан айырмашылығы – олардың типографиялық баспа таңба жасауға қажет көптеген мүмкіндіктерінің болуы:

  • Беттегі объектілерді (мәтінді, графиканы) дәл позициялау;
  • Сөзаралық және әріпаралық интервалдарды қою;
  • Мәтіннің жеке бөліктерін (мәтін блоктарын) еркін орналастыру, бұру және кескіндеу;
  • Графика объектілерін бұру, кескіндеу нақты бейнесін түсіну, масштабтау, еңкейту;
  • Графиканы мәтінмен ерікті қоршау;
  • Мәтін мен графиканы үйлестіру.

 

 

AdobePageMaker бағдарламасын іске қосу

Иконкасын  2 рет шерту

Немесе Пуск       программы       AdobePageMaker  жиынтығын орындаймыз.

AdobePageMaker  бағдараламасының терезесі

 

 

Тақырып жолы
Меню жолы
Құрал — саймандар
Пішімдеу панелі

 

 

Басқарушы палитрасы
Құрастыру үстелі
Жарияланым

 

  1. Жарияланымды сақтау

Файл – Сохранить как н/е файл – сохранить к/о

Диалогтық терезеге

Имя өрісіне  құжатқа ат беру

Тип файла өрісіне публикация   түрінде сақтау

  1. Бұрын сақталған жарияланымды ашу үшін

Файл – Отрыть немесе CTRL+O  пернесін басу арқылы ашуға б/ды.

  1. Жарияланымнан шығу

Файл- выход н/еCtrl+Q

 

Компьютерлік машықтандыру:

  1. PageMaker бағдарламасын іске қос
  2. Жаңа жарияланым бетін көлденең А4 форматта аш
  3. Жарияланымды сақта
  4. PageMaker жүйесінен шығу.

 

Техникалық диктант:

PageMaker …….              бағдарлама

Қағаз беті мен оның айналасындағы кеңістік ……  деп  аталады

PageMaker жүйесінен шығу ……… әдістерімен  іске асырылады

Жарияланымды сақтау үшін ….. операция орындалады.

Adobe фирмасының ………    үстел үстілік баспа жүйесіне жатады.

PageMaker бағдарламасы   …….  терезе элементтерінен тұрады.

 

IV.Ой толғау.

«Эссе»  жазу.

«Автор орындығы» стратегиясы

«Кубизм»

  1. Суретте
  2. Қолдан
  3. Зертте
  4. Салыстыр
  5. Жақта
  6. Қарсылас

«INSERT» немесе түртіп алу стратегиясы

 

«V»Білемін «-» Мен келіспеймін «+» Мен үшін жаңа «?» Таң қалдым

 

 

V.Үйге тапсырма

2 тарау 2.1 тақырып

28-33  бет