«Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік

115

Сабақтың тақырыбы: «Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанын,халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті,әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып,олардың эстетикалық талғамын арттыру.

Білімділігі: Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу,оқу техникасын (дауыстап,іштей түсініп,шапшаң әрі мәнерлеп оқу) жетілдіру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.
  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.
  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.
  4. Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)                                                         2-модуль Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу)

3-модуль Бағалау, 4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық(топты басқару

және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Интерактивті тақтамен жұмыс
  2.     Топпен жұмыс
  3.   Кері байланыс
  4.    Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі. Психологиялық ахуал.

Хормен:  Әрбір адам? —Туысым,досым,     жұрағатым.Әрбір сабақ? —Үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің? —Тірлік,тірек,адамдық. Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық.

-Балалар,біз қай бөліммен оқып танысудамыз?

 «Табиғат-менің өз үйім»

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Табиғатқа байланысты топқа бөлу:

  1. Топқа бөлу 1- «Ауа», «Су», «Жер»

Ауа-дем алу үшін,  су-ішу үшін,  жер — онда өмір сүру үшін .Оқушылар өз аттарын қорғауы:

1-топ     Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру

2 – топ   Сусыз жер- нусыз жер

3 –топ    Жері байдың – елі

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару

4.Мәтінді тарату

5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті:

  1.Ережеге бағыну

  2.тапсырмалар орындау

  3.бағалау

II.Үй тапсырмысын тексеру

1-тапсырма.Модуль Диалогтық оқыту

1-топ       Жазушы  Көкшенің көркін қалай суреттеген ?

2-топ        Неліктен Көкшені гауһар тастан жасаған күмбезге, аспанға теңейді?

3-топ         Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

2-тапсырма Модуль АКТ

Интерактивті тақтамен жұмыс

III.Жаңа сабақ. «Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

1.Сәкен Сейфуллин(1894-1938)Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында,Нілді станциясында туған.  Қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері,ағартушы,зерттеуші,компазитор.Халқына қалтқысыз қызмет еткен.Сәкеннің шығармашылық еңбектері: «Тар жол тайғақ кешу»романы,бірнеше өлеңдердің әнін жазған( «Сарыарқа Көкшетау,Тау ішінде,Ақсақ киік)»

3-тапсырма

Ой қозғау. СТО,әдісі INSERТ  Мәтінмен жұмыс. «Ақсақ киік»

2.Балаларды қатыстыра отырып кіріспе әңгіме жүргізу. Өлеңді түсіндіре отырып оқу. Балалар түртіп алу жүйесі бойынша      «v»-білемін,   «+»-жаңалық, «?»- түсіндіріңіз                                               сөздік жұмысын жүргізу.

Арқа-кең дала,жазық дала.

Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі  сирек шөл дала.

Ел жоқ,күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік, жан жоқ деген.

Картадан (Арқа, Бетпақдала дегеннің ұғымын беру үшін) Қазақстанның жер көлемін таныстыру.Оның қай тұстарын бетпақдала алып жататыны көрсетіледі. «Бетпақ» деген сөздің мағынасын беруде Қ-ның ең әдемі жерін Бетпақдаламен салыстырып түсіндіру.

-Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?

-Ол- киелі жануар.

— Киіктің лағын қалай атаймыз?

— Құралай

Слайдттан киік суретін көрсету арқылы қосымша дерек беру.

-Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді.

 4-тапсырма

Топпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқытып шығып топқа тапсырма беру, постермен  қорғау.Киік туралы  өз ойларын айту.

1-топ    Бетпақ шөлді суреттеу-                 1,2 шумақ

Мергендердің сол кездегі кәсібі

2-топ   Бөкен киіктің  сұлулығы               3,4 шумақ

3-топ   Келе жатқан ақсақ киіктің халі     5,6 шумақ

Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған Жақсыкелді Сейіловтің «Жез киік» әнін тыңдау.

Сергіту сәті.

Бекіту сұрақтары.

1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

2.Киік қандай жерді мекендейді?

3.Киікті басқаша қалай атайды?

4.Киік мүйізінен не жасалады?

5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?

-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.

6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?

Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.

Бағалау. 1.Жалпы топқа баға беру, мадақтау.

                 2.Әр оқушыға баға қою.

Үй тапсырмасын беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің ойы

 

 

Тренер жазбасы

1-әрекет. Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну.

Сабақты балалармен бірге шеңбер құрып тұрып, сәлемдесуден бастадым. Осы бағдарламада айтылған оқушыларды тараудың тақырыбына «Табиғат-менің өз үйім» байланысты (Ауа,Су Жер) 3-топқа  бөле отырып, сыныпта бірлескен топтық орта құрдым.Әр топ ,топ басшыларын сайлады.Топқа бөлуде оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға бағытталды.Топ арасында оқушыларда зейінділік,байсалдылық қалыптастыру.Әр топ өз аттарын қорғады. Ауа-дем алу үшін,су-ішу үшін,жер-онда өмір сүру үшін керек екені айтылды.Үй тапсырмасын диалогтық оқыту әдісі арқылы топқа берілген сұрақтармен топ арасында диалог жүргізу арқылы тексердім.

2-әрекет.Қызығушылықты ояту.Бұл үйрену үрдісі болып табылады. Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Жаңа сабақтың мағынасын ашу мақсатында СТО технологиясының миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар берілді.Тақырып бойынша кіріспе әңгіме жүргізу.СТО технологиясының INSERT түртіп алу жүйесі бойынша өлеңді өз беттерінше оқыту   «v» -білемін, «+»-жаңалық, «?»-түсіндіріңіз сөздік жұмысын жүргізу.

3-әрекет.Кейс-стадидің топтағы жұмысты құрылымдау, яғни топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғау тапсырылды.Нәтижесінде топ ішінде қозғалыс, жаңа ойлар пайда болып,балалардың белсенділігі артып,әр топтың жауабы қанағаттанарлық деңгейде болды.Оқушылардың тақырыпты меңгеруіне жол ашты.

4-әрекет.

АКТ-ны қолдану барысында интерактивті тақтадан суреттер көрсету.Үш білім саласы бойынша технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім берілді. Интернет жүйесі арқылы сандық технологияларды пайдаланып,видеоролик, «Жез киік»әнін тыңдалды.

5-әрекет.

Барлық тапсырмаларды орындау барысында топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, мадақтап бағалады..Оқушылар тақырыпқа қатысты өз білім деңгейін білдіру үшін смайликтерге стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолдандым.