Таңдамаға сұранысты құру

Тақырыбы: Таңдамаға сұранысты құру

 

Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.

 

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).
  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.
  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.
  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.
  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.
  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктелініп алынады.
  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.
  8. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.
  9. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесінде енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде-бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз.
  10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Access программасын жабыңыз.