Графиктік объектілермен жұмыс істеудің әдістерін үйрену.

42

Тақырыбы: Графиктік объектілермен жұмыс істеудің әдістерін үйрену.

 

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.
  3. Шекара сызықтарының жиынтығын анық көру үшін құжаттың көрсетілу режімі ретінде Ентаңбалау режімін қосыңыз (Вид→Разметка страницы).
  4. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіңіз.
  5. Кірістіру→Сурет→Файлдан(Вставка→Рисунок→Из файла) командасының көмегімен мәтіннің төменгі жағына сурет қойыңыз. Мысалы: С:/Windows/Лес.bmp файлынан.
  6. Тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы суретті ерекшелеңіз, сонда Кескіндерді баптау аспаптар панелі ашылады. Суретті пішімдеу батырмасын басып, сол аттас сұхбат терезе ашыңыз.
  7. Суретті пішімдеу (Формат объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасынан Мәтін ішінде (В тексте) нұсқасын таңдаңыз. Тасу әдісі арқылы кескінді жылжытыңыз, мәтін мен суреттің өзара қарым-қатынасын бақылаңыз.
  8. Суретті пішімдеу (Форма объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасынан Контурды бойлай (По контуру) нұсқасын таңдаңыз. Кескінді жылжытқан кезде мәтінмен қарым-қатынасы қалай жүзеге асатындығын тексеріңіз.
  9. Кескінді ерекшелеңіз, оны алмасу буферіне көшіріңіз (Ctrl+C) және жанына көшірмесін құрыңыз (Ctrl+V)
  10. Екі кескінді жоғарғы жақтарын туралай отырып, қатар орналастырыңыз.
  11. Alt пернесін басып тұрып, кескінді туралап орналастыруды қайталаңыз.
  12. Кескіндердің біреуін ерекшелеңіз. Бұрыштық маркерді пайдалана отырып, оның өлшемін тасу әдісі арқылы өзгертіңіз.
  13. Кескіннің бастапқы өлшемін қалпына келтіріңіз.
  14. Ctrl пернесін басып тұрып, бұрыштық маркерді жылжытуды қайталаңыз. Кескіннің өлшемінің өзгергендігіне назар аударыңыз. Осы жағдайда ол «орталықтан» қайта масштабталады.
  15. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.

 

Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ

 

Қазақстан территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 300 км созылып жатыр. Ал солтүстік Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау тізбегі орналасқан. Маңғыстаудың шығысында үстірт қыраты (340 м) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Торғай қыраты (200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына (53-332 м) ұласады.

Арал теңізінен солтүстікке қарай үлкен жіне Кіші Борсыққұм массивтері  және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін  Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілімдері, Тарбағатай және Жоңғар Алатауының (4463 м) жоталары орналасқан. Сонымен бірге, Тянь-Шаньнің жоталары: Кетпек (3638 м), Шу-Іле таулары (1520 м), Іле Алатауы (7973 м), Қырғыз жотасы (3817 м), Талас Алатауы (4488 м) және Қаратау (2176 м) орналасқан.

 

 

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.
  3. Жоғарыда келтірілген мәтінді енгізіңіз.
  4. Тақырыбын майлы қаріппен белгілеңіз.
  5. Бірінші жолдың шегінісін 1,5 см деп, жолдарының арасындағы интервалды 1,5 етіп қойыңыз.
  6. Бірінші азат жолды ортада, екінші және үшінші азат жолдарды оң жаққа орналастырыңыз.
  7. Әр азат жолдың басына арнаулы символдарды енгізіңіз. Мысалы: тәріздес белгілер.
  8. Соңғы азат жолға дейінгі барлық мәтінді ерекшелеп алып, ендері әр түрлі болатын екі бағанға бөліңіз.
  9. Соңғы азат Жолдағы Тянь-Шаньның жоталарын маркерленген тізім түрінде көрсетіңіз.
  10. Түр (Вид) менюінен Колонтитул командасын таңдаңыз. Оң жақтағы жоғарғы колонтитулдың ортасына бетті нөмірлеңіз. Төменгі колонтитулға №54 жалпы білім беру орта мектебі мәтінін енгізіңіз.
  11. Құжаттың екінші бетіне суреттер жинағынан екі суретті орнатыңыз.
  12. Құжатттың үшінші бетіне осы мәтін негізінде кесте құрыңыз. Ол кестенің жолдары Қазақстанның аймақтарынан, сол аймақтардағы жота немесе қырат атауларынан тұрсын. Ал бағандарында олардың биіктіктері көрсетілсін. Алмасу буферін пайдаланып мәтіндегі сөздерді кестеге кірістіріңіз. Үлгісі келесідей:

 

Тау, жота, қырат немесе ойпат атаулары Биіктігі (метрмен)
Оңтүстік – батыс Торғай қыраты 200-400
Тұран ойпаты 53-332
Оңтүстік-шығыс Жоңғар Алатауы 4463
Іле алатауы 7973
Қаратау 2176