Презентацияны безендіру

Тақырыбы: Презентацияны безендіру

 

№54 жалпы білім беру орта мектебі тақырыбына дайындалған презентацияңыз көптеген оқушылар мен оқытушылардың көңілінен шығып, сізге оның безендірілуін жақсартуды тапсырды.

  1. Power Point 2000 программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Microsoft Power Point).
  2. Сақталынған Менің мектебім презентациясын ашыңыз (ФайлОткрытьИмя файла).
  3. Кәдімгі(Обычный) режімінде тұрып, Фон сұхбат терезесін ашыңыз (Формат→Фон). Үлгінің фонын алып тастау (Искючить фон образца) жалаушасын орнатыңыз.
  4. Ашылған Фонды бояу (Заливка фона) тізімінен Бояу әдістері (Способы заливки) бөліміне тоқталыңыз. Ашылған Бояу әдістерісұхбат терезесіндегі Градиенттік қыстырмасына көшіңіз. Түстер тобына Дайындық (Заготовка) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Ашылған Дайындық атаулары тізімінен Поздний закат бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз. Фон терезесінде Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.
  5. Екінші слайдқа өтіңіз. Жоғарыда айтылған әдістердің көмегімен, басқа фон құрыңыз, мысалы Мыс.
  6. Үшінші және төртінші слайдтарда басқа әдістермен даярланған фон құрыңыз. Таңдаған фон экранда жақсы көрінетініне көз жеткізіңіз.
  7. Бірінші слайдқа өтіңіз. Word Art объектісін қосу (Добавить объект Word Art) батырмасын шертіңіз. Word Art жинағы (Коллекция Word Art) терезесінен керекті жазу стилін таңдаңыз, сосын ОК батырмасын шерткеннен кейін шыққан Word Art мәтінін өзгерту (Изменение теста Word Art) терезесіне презентация тақырыбы — №54 жалпы білім беру орта мектебі мәтінін енгізіңіз. Қаріп өлшемін 66 етіп алыңыз. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз.
  8. №54 жалпы білім беру орта мектебі атты ескі тақырыпты өшіріп, оның орнына жаңа дайындалған Word Art объектісін орналастырыңыз. Жаңа тақырыпқа анимацияның Айналу әсерін орнатыңыз.
  9. Екінші слайдқа ауысыңыз. Нөмірленген тізім ретінде дайындалған мәтінге параметрлері мынандай: Оң жақтан (справа), Бәрі бірге (все вместе), Азат жол бойынша (по абзацам), 1-ші деңгей (1-го уровня) болатындай Ұшып шығу (Вылет) анимация әсерін тағайындаңыз.
  10. Үшінші слайдқа көшіңіз. Кестедегі сол жақ бағанды таңдап, Кесте пішімі (Формат таблицы) терезесінің Бояу (Заливка) қыстырмасында градиенттік бояу фонын тағайындаңыз (Формат→Цвета линии). Тура осы әдіспен оң жақ бағанды безендіріңіз.
  11. Төртінші слайдқа ауысыңыз. Диаграмма фонын градиенттік құюмен безендіріңіз.
  12. Презентацияны бұрынғы атпен сақтаңыз (Менің мектебім).