Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу.

Тақырыбы: Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу.  Windows  98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу.

 

  1. Компьютерді қосыңыз, операциялық жүйенің толық қосылуын күтіңіз. Жұмыс үстелінің бос жеріне тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
  2. Жанама менюден Қасиеттер (Свойства) бөлімін таңдаңыз, сонда Қасиеттер: Экран(Свойства:Экран) сұхбат терезесі ашылады. Фон қыстырмасының ашылғандығына көз жеткізіңіз.
  3. Жұмыс үстелінің суреті тізімінен Өзен (немесе қалауыңызша басқа суретті) суретін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фоны өзгергендігіне көз жеткізіңіз.
  4. Ашылған Орналастыру (Перемещение) тізімінің көмегімен Фон қыстырмасындағы суреттің фонын өзгерте отырып, 1-3 бөлімдерді қайталаңыз. Экранды безендіруде Созу, Орталыққа, Жанына (Растянуть, По центру, Рядом) әдістері қалай әсер ететінін байқаңыз.
  5. Суреттің фонынан Орнамент объектісін таңдап, орналасу әдісі Созуды (Растянуть) пайдаланып 1-3 бөлімдерді қайталаңыз.
  6. Сілтеуіш(Проводник) программасын іске қосыңыз.
  7. Сілтеуіштен Windows 98 іздестіру жүйесін іске қосыңыз (Сервис→Поиск→Файлы и папки)
  8. Іздестіру жүйесінің көмегімен Жұмыс үстелінің фондық суреттері қайда сақталғанын анықтаңыз. Ол үшін Атау (Наименование) өрісіне Өзен объектісінің атын енгізіңіз. Қайдан іздеу керек (Где искать) өрісіне қатқыл диск С: таңбашасын орнатыңыз да, Енгізілген қаптамаларды қоса алғанда (Включая вложенные папки) жалаушасының орнатылғанына көз жеткізіңіз. Табу (Найти) командасын орындау арқылы іздеу процесін жүргізіңіз.
  9. Өзен объектісі табылған соң, Іздеу нәтижесі панелінде оның орны – С: Windows қаптамасы көрсетіледі.
  10. Іздестіру жүйесінің терезесін жауып, Сілтеуіш(Проводник) терезесіне оралыңыз. Сол жақ панельден С: Windows қаптамасын тауып, ашыңыз. Айналдыру сызғыштарын қолдана отырып, оң жақ панельден Өзен объектісін табыңыз. Жұмыс үстелінің осы және басқа да фондық суреттері мен өрнектері қай пішімде сақталғандығын көріңіз.
  11. Жұмыс үстелінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін Себет (Корзина) таңбашасы көрініп тұратындай етіп жылжытыңыз.
  12. Сілтеуіштің (Проводник) оң жақ панеліндегі Өзен белгісін Себет (Корзина) таңбашасына алып барыңыз. Себетке(Корзина) объектіні апарып тастау қажеттілігі жайлы сұраққа құптайтындай жауап беріңіз.
  13. Орау батырмасын шерту арқылы Сілтеуіш (Проводник) терезесін бүктей тұрыңыз.
  14. Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз.
  15. Жұмыс үстелінің фондық суреті (Фоновый рисунок рабочесго стола) тізімінде Өзен сурет жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
  16. Себет(Корзина) таңбашасын екі рет шерту арқылы оны ашыңыз.
  17. Бұрын сақталған орнына Өзен объектісін қайта қалпына келтіріңіз (объектіні ерекшелеп алып, Файл→Восстановить командасын орындау керек).
  18. Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз. Жұмыс үстелінің фондық сурет тізімінде Өзен суреті бар екеніне көз жеткізіңіз.
  19. Барлық ашылған терезелерді жабыңыз.