Сілтеуіш программасындағы файлдық құрылыммен жұмыс істеу

29

Тақырыбы: Сілтеуіш программасындағы файлдық құрылыммен жұмыс істеу

 

  1. Бас менюдің көмегімен Сілтеуіш программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→Проводник). Іске қосу кезінде Сілтеуіштің сол жқ панелінде қандай қаптама ашылғандығана назар аударыңыз. Бұл жүйелік дискінің түпкі қаптамасы болуы керек.
  2. Сол жақ панельден \Менің құжаттарым қаптамасын табыңыз және оны қаптама таңбашасының үстінен шерте отырып ашыңыз.
  3. Сілтеуіштің оң жақ панелінде жаң \Тәжірибелік қаптамасын құрыңыз.
  4. Сол жақ панелінде «+» белгісінің үстінен бір рет шертіп \Менің құжаттарым қаптамасын ашыңыз. Сол жақ панельдегі қаптамалардың ашылуы және аударылуы әртүрлі амалдар екеніне назар аударыңыз. Сол жақ панельде \Менің құжаттарым қаптамасында \Тәжірибелік қаптамасының құрылғанына көз жеткізіңіз.
  5. Сілтеуіштің сол жақ панелінен \Тәжірибелік қаптамасын ашыңыз. Оң жақ панельде ештеңе болмауы керек, себебі ол бос қаптама.
  6. Сілтеуіштің оң жақ панелінде \Тәжірибелік қаптамасының ішінен \Менің тәжірибелерім атты жаңа қаптама құрыңыз. Сол жақ панельде \Тәжірибелік қаптама таңбашасының жанында «+» белгісінің пайда болғанын көреміз, бұл белгі қаптама ішінде бағыныңқы қаптама барын айғақтайды. Сілтеуіштің сол жақ паенлінде қалыптасқан құрылымды ашып көріңіз.
  7. Сілтеуіштің сол жақ панелінен \Windows қаптамасын табыңыз және оны ашыңыз.
  8. Сілтеуіштің сол жақ панелінде Windows қаптамасының ішінен объектілерді уақытша сақтауға арналған \Temp қаптамасын табыңыз, бірақ оны ашпаңыз.
  9. Сүйрету әдісі бойынша \Тәжірибелік қаптамасын Сілтеуіштің оң жақ панелінен сол жағына – С: Windows\ Temp қаптамасына орнын ауыстырсаңыз, бұл әрекетті өте дәл орындау қажет. Қабылдаушы қаптама жазбасының түсін қадағалаңыз. Тура орналасқанда түсі өзгереді – сол кезде тышқанның батырмасын жіберсе болады.
  10. Сілтеуіштің сол жақ панелінде С:Windows \ Temp қаптамасын ашыңыз. Оң жақ панельде \Тәжірибелік қаптамасының барына көз жеткізіңіз.
  11. Сол жақ панельден Себетті (Корзина) тауып, оның таңбашасына \Тәжірибелік қаптамасын сүйреп әкеліңіз.
  12. Себетті ашып, онда жаңа ғана жойылған қаптаманың орналасқанын көресіз. Сілтеуіш терезесін жабыңыз.

Тапсырма

Тақырыбы: Сілтеуіш программасын іске қосудың әдістерін зерттеу.

 

Windows 98 операциялық жүйесіндегі көптеген операцияларды әр түрлі әдістер арқылы орындауға болады. Сілтеуіш программасының мысалында біз программаға кірудің әр түрлі жолдарын зерттегенбіз.

  1. Іске қосу (Пуск) батырмасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған жанаам менюге Сілтеуіш (Проводник) бөлімін қолданамыз. Жіберу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылатындығына назар аударыңыз.
  2. Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз, ашылған жанама менюге Сілтеуіш бөлімін қолданыңыз. Жіберу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылатындығына назар аударыңыз.
  3. Жұмыс үстелінде ашылған барлық таңбашалардың жанама менюін тексеріңіз. Қандай объектілердің жанама менюі Сілтеуішті іске қосатын құралдармен жабдықталған? Іске қосу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылғандығына назар аударыңыз.
  4. Бас менюдің Программалар бөлімі арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
  5. Бас менюдің Орындау (Выполнить) бөлімі арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
  6. \Менің құжаттарым қаптамасының таңбашасы арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
  7. Жұмыс үстелінен Сілтеуішті іске қосыңыз. (Алдын-ала жұмыс үстелінде Сілтеуіш таңбашасын дайындап алу керек).
  8. Есеп беру кестесін толтырыңыз:

 

Сілтеуішті іске қосу әдістері Қолданатын басқару элементі Ашылу қаптамасы
Іске қосу батырмасының жанама менюі арқылы Іске қосу батырмасы С: Windows\бас меню