Параметрлі сұраныс құру

27

Тақырыбы: Параметрлі сұраныс құру

 

Сұрыптау шарты қалай жұмыс істейтінін біз  жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.

Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін енгізуге мүмкіншілік туғызады.

Кітаптарды іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).
  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.
  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұранысты құру (Запросы) белгісін екі рет шертіңіз, үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.
  4. №8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесіне негізделінген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:
    • кітаптың аты                   мәтіндік
    • кітаптың авторы мәтіндік
    • бағасы қаржылық
    • баспасы мәтіндік
  5. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет. Егер біз бағалары 400-ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едік. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кітаптар қажет болса, онда <100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берсек, онда <[Ең жоғарғы бағаны енгіз] деп жазуымыз қажет.

  1. Сұраныс (Запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.
  2. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.
  3. Өзіңіз қалаған мәнді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Оқулықтар кестесіндегі енгізілген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.
  4. Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.