Интеллектуалды олимпиада

33

Интеллектуалды олимпиада

Мақсаты:

Оқушылардың танымдық  қызығушылығын  арттыру, әлемдік көзқарасын қалыптастыру, алған  білімін жүйелеу, оқушының  жеке  шығармашылығы мен интеллектуальдық  ой-өрісін дамыту

Жүргізуші:Армысыздар , бүгінгі жиналған қауым!Бүгінгі  біздің 9-11 сыныптар арасындағы интеллектуалды олимпиада  сайысымызға қош келдіңіздер!

Ең алдымен  осы сайыста әділ  бағасын  беретін әділ –қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ халқым берерсің әділ баға,

Өнері мен өренін салыстырып.

Әділ-қазы алқасы, төрағасы,

Әділетпен кеңес құра біліңдер,-деп отырып әділ-қазылар алқасы таныстырайын.

Ойын толқын айналаған қатты ағысқа,

Табылғандай танымды жат дауыс та,

Біреуі озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыстан.

Ойы, толқын жатқандай асыпғ тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс  басып.

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсеңде қал ма жасып деп келе бүгінгі сайысымыздың  шарттарымен таныстырайын  сайыс 4 кезең тұарды.

1  кезең. «Кім жылдам»

2 кезең. «Ойланып көр»

3 кезең. «Ұшқыр ойлар»

4 кезең. «Тапқырлық»

1 — кезең. «Кім жылдам»  әр сұраққа 2 ұпайдан беріледі.

1.Махмуд Қашқаридың Түркі сөздері  жинағы қай жылы жарық көрді? ( 1070 жылы)

  1. Пікірлермен олардың байланыстары туралы ғылым не деп аталады? (Логика)

3.Қазақстан шекарасының  жалпы ұзындығы?  (13394  кмбөлінеді)

4.Балықттардың  қанша  түрі бар? (22000)

  1. Ахмет Йасауидің ұстазы кім? (Арыстанбаб)
  2. Шәкәрім қай жылы қажылыққа барды? (1905 жылы)
  3. Еуропа ғалымдары ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі кім?

(П.П Семенов Тянь-шанский)

  1. Сұйықтық буға айналу құбылысы? (Кебу)
  2. Жасуша дегеніміз не? (Дененің ең ұсақ бөлшектері)
  3. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда  қандай  ұғымды білдіреді? (Жер өлшеу)

11.Күннің ішінде  не бар? (Күн қатты масса емес, газдардың өте тығыз шоғырлануы болып табылады)

  1. Дәуір әдебиеті нешеге бөлінеді және оларды ата?( Екіге бөлінеді.Сыр бойы

және қара хан)

  1. Сүйекті ,шеміршекті ,майды сіңірді , қан сұйықтығын түзетін ұлпа ? (дәнекер)
  2. Ең ыстық қай планета? (Шолпан-ең ыстық планета.Ол Меркурнйден де ыстық)

15.Ең үлкен шөл қай шөл? (Ені 5000 км болатын Солтүстік Африкадағы Сахара бұл Австралияда үлкен)

  1. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? (Температура)
  2. Операциялық жүйе неше бөліктен тұрады және оларды ата? (3 бөліктен тұрады.Олар ядро,драйвер және интерфейс)
  3. Кері итеруші күш қалай аталады? (Архимед күші)

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

2- кезең «Ойланып көр» Ойыншыларға экранда көрсетілген 3 тақырыпты таңдау ұсынылады.Әр тақырып 5,10,15,20,25  санды ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

Жұмбақтар

1.Үй толы ұзын найза,

Үй толы қызыл найза. (Уық)

  1. Алысқа барыр оттайды,

Ауылға келіп былғайды. (сиыр)

  1. Бастың астында

Бал құйған ыдыс (ұйқы)

4.Қыста келер

Жазда кетер (қар)

  1. Жабық қазанның

Асы дәмді  (жаңғақ)

Мақал – мәтелдер

1.Отан-қуаты (Отбасы шуағы)

2.Ел жаусыз болмас (жер таусыз болмас)

3.Жас кәрінің көзі (Кәрі жазтың тезі)

4.Ақ бөкенді жатыр деме (көшпелі елді отыр деме)

5.Бай  баласын  танымас  (Сауда досқа қарамас)

Салт-дәстүр

  1. Айтыстың ең көне түрі (бәдік)
  2. Шыралғы деген не? (Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні

байлап сүйрететін болған. Сол сүйретпені шыралғы деп атаған.  )

  1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ?( Жаңа түскен келін)

4.Өмілдірік дегенімі не? (Ер тұрман әбзелі)

5.Үш қуатты ата (ақыл, жүрек, тіл)

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

3 — кезең. «Ұшқыр ойлар»  Ойыншыларға экранда көрсетілген  8 сұрақтар 2 минту ішінде жауап беру керек.Дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі.

1.Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)

  1. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала ( Алматы)

3.Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?(жусан)

4.Қан тоқтатанын  элемент  (иод)

  1. Картоптың отаны Оңтүстік Америка
  2. Аспан денелеріне аты берілген қазақтың ғалымы (Қ.Сәтбаев)
  3. Қыс айларын ата ( Желтоқсан қаңтар ақпан)
  4. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
  5. Үстеудің неше түрі бар ? (7)
  6. Баспа құрылғысы (принтер)
  7. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? (тура толықтауыш)
  8. Сағаттың 60/1 бөлігі ( минут)
  9. Компьютердің миы (процессор)
  10. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы (жошы хан )
  11. Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды ? (1500 жыл бұрын)

8.Қалыпты атмосфералық қысым? (760 мм)

  1. Компьютердің маман (программист)
  2. Жәңгір ханның немересі ,әдебиет өкілі (Ш Бөкеев )
  3. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
  4. Ас тұзының формуласы (Натрий хлориді)
  5. Вирусты жоятын программа (антивирус)

6.Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр? (Қараман)

  1. Заң шығарушы орган ( парламент)
  2. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (Психрометр)

4-кезең «Тапқырлық» Үш қатысушыға бірдей  сұрақтар.

Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты

сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады? ((1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204)

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?-деп алғыс білдіреміз.Қош сау болыңыздар!