Вирус туралы түсінік, түрлері, антивирустық бағдарламалар

463

Вирус туралы түсінік, түрлері, антивирустық бағдарламалар

Сабақтың мақсаты: Компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы бағдарламасы түсінігін меңгерту, ақпараты қорғау, компьютерлік вирус, антивирустық программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрену.

  1. Білімділік: Оқушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы бағдарламасы түсінігін меңгерту тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды осы тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасауға, информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.
  3. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Мультимедиялық техникамен жабдықталған модульдік сабақ.

Сабақ әдісі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілігі: Оқулық, ДЭЕМ құралдары, проектор, электронды оқулық, тест жинағы, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.
  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Слайд негізінде берілген экрандағы бақылау сұрақтарымен үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ түсіндіру. Жаңа тақырыпты өткен модульдармен пысықтай отырып, архивтеу бағдарламасын файлдарды көрсету.
  4. Практикалық тапсырма. 4 модульдегі 10 тапсырмаларды орындау.
  5. Бекіту кезеңі.
  6. Қорытындылау. 4 модульдегі тест жинағынан шыққан нәтижемен қорытындылау.
  7. Бағалау. Оқушылардың білімділік және белсенділік көрсеткіштекрі бойынша бағалау нәтижесін шығару.
  8. Үйге тапсырмасын беру

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ.   Вирус туралы түсінік, түрлері, антивирустық бағдарламалар.

М:Оқушылар мына компьютерге не болды? Компьютер ойдағыдай жұмыс істей тұр программалардың жұмысы баяу.

/проблемалық ситуация/

О: мұғалім компьютер вирусқа зақымдалған

М: Бүгін қарасыратын тақырыбымыз Компьютерлік вирустар. Компьютерлік ақпаратты қорғау (тоқтада жазулы тұрады).

Енді балалар вирустар туралы толық мәлімет алу үшін Электронды оқулықпен және оқулықпен жұмыс ісейміз. (20минут)

1.Вирус дегеніміз не?

О: жауап Компьютерлік вирус дегеніміз – әдетте шағын өлшемді (200-ден 500 байтқа дейін) «көбею» және басқа прораммаларды «зақымдау» қабілеті бар (яғни өз кодын көп қайтара көшірмелейді және оны басқа программалардың кодына қосады) арнайы компьютерлік программа.

2.Вирустардың барлық әр алуан түрлерінен негізгі топтарын былайша бөліп алуға болады:

  1. Жүктейтін вирустар – дискетің немесе винчестердің жүкеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды және компьютерді зақымдағанда іске қосылады.
  2. Файлдық вирустар – көбінесе СОМ және ЕХЕ кеңейтілуі бар файлдарға кіріп алады. Файлдық вирустар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ олар онда басқару ала алмайды, сондықтан көбею қабілетінен айырылады.
  3. Жүктейтін-файлдық вирустар – файлдарды да, дискінің жүктейтін секторларын да зақымдайды.
  4. Драйверлік вирустар – компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу арқылы ендіреді.
  5. Желілік вирустар – ондаған және жүздеген мың компьютерді біріктіретін желілерде тарайды.

Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде анықтау үшін вирустарды пайда болуының негізгі мынадай белгілерін білу қажет:

1) Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

2) Компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3) Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы;

4) Файлдардың өлшемінің өзгеруі;

5) Дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6) Бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7) Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар;

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

  1. Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады
  2. Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина программалар вируспен зақымданған файлдарды тауап қана қоймай, оларды емдейді де. Яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіріп, файлдардан вирусты жояды.
  3. Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын программалардың ең сенімдісі. Ол программалардың алғашқы қалпын есте сақтап, содан соң ағымдағы жағдайды басттапқа кезбен салыстырып отырады. Өзгеріс пайда болса хабарлайды.
  4. Фильтр – программалар немесе күзетшілер – ұдайы компьютерн жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютер жадын бақылайды және жұмыс барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Олар вирусты тапқанмен емдемейді, сондықтан вирусты жою үшін фагтарды қолдану керек.

Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алу үшін:

  1. Резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;
  2. Ұрлық программаларды көп қолданбау (өйткені олар заңды өнім болып табылмайды);
  3. Флешканы ашпас бұрын вирусқа тексеріп отыру;
  4. Антивирустық программаны дискетада сақтау керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;
  5. Компьютерді үнемі вирусқа қарсы тексеріп отыру керек.

Ақпаратты қорғаудың бір түрі – резервтік көшірмелерді магниттік тасуыштарда сақтау. Яғни файлдарды дискетте сақтау керек. Егер файл жадтың көлемін көп алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек. Мұндай жағдайларда ақпаратт бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желіде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.

Практикалық бөлім.10 тапсырма орындау керек.

Осы кезеңде компьютердің әр ғасырдағы дамығанына байланысты кеше, бүгін, ертең атты ертегіні тамашалаймыз.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Үйден вирусттың таралу жолдары мен шығу тарихы жайлы

Реферат жазып қорғау.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар