Мектеп өмірі

Сабақтың тақырыбы:  Мектеп өмірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:          Оқушылардың алған білім, іскерлік дағдыларын

пысықтау.

Дамытушылық:Берілген тапсырмаларды орындау барысында мәтіндік,

кестелік редакторларымен жұмыс жасай

білулерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:          Өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыра отырып,

шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат

тәрбиелеу.

 

Типі: жинақтау

Түрі: дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, математика, дене шынықтыру.

Құрал — жабдықтар: компьютер, тесттер, интерактивті тақта, бағалау парақтары

Сабақтың ұраны:

Жинақтау — заттардың, құбылыстардың жалпы қасиеттерін анықтау жолымен жаңа жоғары сатыға көшу, жаңа ғылыми түсініктер, заң мен заңдылықтар теорияларын туғызады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу

а. Сәлеметсіздер ме, балалар!

 

  1. Сабақтың барысымен таныстыру.

а. Тақтада сабақ кестесі жазылған.

б. Компьютерде алдын — ала «Сабақ» деген қапшық дайындалған.

в. Әр партада қима қағаздар жатыр.  Әр оқушы сабақтың соңында өз бағаларын сол қима қағаздарға қояды.

Қосымша1

Бүгінгі сабақта 7 сыныпта өткен дербес компьютердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерін қайталай отырып, осы сыныпта әрі қарай дамытып, нығайтамыз.

 

1 сабақ. Информатика сабағы.

  Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіріңдер.

85610 = А16,     523 = А2,  12110 8

Үзіліс. Тест сұрақтары.

Қосымша 2

2 сабақ.  Орыс тілі файлын ашамыз.

Мәтінді теріп, орфографиялық тексеру жүргізе отырып, қателерін түзеу.

 

Персональный компьютер — это малогабаритная машина, которая может быть устаовлена на любом рабочем месте.

в минимальный перечень устройств персонального компьютера входят :

1)системный блок

2)монитор

3)клавиатура

4)мышь

Үзіліс. «Жұбын тап» ойыны.

Қатқыл диск

Лазерлік принтер

Электрондық пошта

Жұмыс үстелі

Компьютерлік желі

Жүйелі блок

Операциялық жүйе

3 сабақ. Математика файлын ашамыз.

Компьютерда отырған оқушылар берілген есептерді калькулятор көмегімен шығарады.

6,05* (53.8+50.2)

14.5/186+324

(9,885-0.365)/1,7+4,4

88-9,804*14

1 оқушы тақтаға шығып, тақтада берілген есепті интерактивті тақтада  есептейді

Үзіліс. «5» кімге бұйырады? ойыны.

Қосымша 3

4 сабақ. Дене шынықтыру сабағы.Көзге жасалатын жаттығулар.

 

5 сабақ. Ағылшын тілі сабағы. Пернетақтада берілген пернелердің ағылшынша жазылуын тақтаға шығып көрсетіп, жазу,

 

 

Сабақтың қорытындысы: Ал балалар, біз бүгін компьютер арқылы көптеген жұмыстар атқардық. Сонымен біз компьютерді барлық пәндерге қолдануға болады екеніне көз жеткіздік.

Енді алдарыңдағы қағазға осы сабақтан не білдіңдер, не білгілерің келеді өз ойларыңызды жазыңыздар.

Баға: Бағалау парақтарындағы бағаларын тақтаға жазып, күнделіктеріне қою.

Үй тапсырмасы: 4 тарау «Қазіргі заманғы дербес компьютерлер және оның құрамдас бөліктерінің түрлері»тақырыбына сөзжұмбақ құрастырып келу.