Информатика еліне саяхат

29

Информатика еліне саяхат

Мақсаты
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.
Көрнекіліктер: Слайд презентация.
Сайыстың өту барысы:

Ұстаз : Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер!

Биылғы оқу жылынан бастап сендер жаңа  Информатика пәнін оқи бастадыңдар. Бүгін , балалар біздер «ИНФОРМАТИКА» еліне саяхат ойынын өткіземіз. Бұл пәннің жаңа және қиын екенін түсінесіңдер.

Біздің саяхатымыз 6 станциядантұрады. Ойынның соңында жүлдегер командасын  анықтаймыз.

Виртуалды паравозымыздан орындарыңа отырыңдар.Кеттік.

Сайысқа екі команда  қатысады.

Саяхатымыздың басында екі команда бір-бірімен танысады. (команданың атын,ұранын,капитанымен таныстырады)

 

1команда-«Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

 

2команда-«Тапқырлар»

Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

 

 

Ұстаз : Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасымен танысайық.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымызды бастайық.

 

1 станция – «Компьютер»

 

Бұл станцияда сендердің компьютер құрылғыларын білетіндеріңді анықтаймыз.

Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай хат жолдапты

.

 

 

 

 

 

 

  1. Жануарға ұқсас атым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын.
    Ең қажетті құралмын. (тышқан)

 Тышқанның түрлері?

  1. Бір сарайда тұрады екен,
    Бес атаның балалары.
    Қыдырмашы біреуі,
    Бір күн барда, бір күн жоқ.
    Оны есепке алсаң,
    Ұзын саны 107 (пернелік тақта)

Стандарты пернетақтада неше перне бар? Пернетақтадағы ең үлкен перне ? Қай жағында көмекші пернелер орналасқан?

  1. Төрбұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек (монитор)

Монитордың түрлерін ата ?  

2 станция – «Пернетақта»

 

Бұл станцияда, пернетақтаның негізгі пернелерін білесіңдер ме ,соны тексереміз.Мен сұрақты екі командаға бірдей  қоямын,кім қолын бірінші көтереді,сол командаға бір пайыз.

Сұрақтар:

  1. Өшіру пернелері (Bасkspace, Delete)
  2. Қосымша пернетақтаны қосатын перне ? (Num Lock).
  3. Ең бірінші перне ? (Esc).
  4. Еңгізу командасын аяқтайтын перне? (Enter).
  5. Бас әріппен жазуды бастайтын перне ? (Shift)

 

3 станция «ЭРУДИТТЕР станциясы»

Екі командаға 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап қайтару керек, «иә» деп ойласаңыз. Әр команда мүшелері кезекпен жауап береді.
І   командаға арналған сұрақтар.
1  сұрақ: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2-сұрақ: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3-сұрақ: Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4-сұрақ: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)
5-сұрақ: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6-сұрақ: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7-сұрақ: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8-сұрақ: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9-сұрақ: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10- сұрақ: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
2 – ші  командаға арналған сұрақтар:
1-сұрақ: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
2-сұрақ: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т)
3-сұрақ: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
4-сұрақ: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5-сұрақ: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6-сұрақ: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
7-сұрақ: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
8-сұрақ: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
9-сұрақ: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
10-сұрақ: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)
Сөз әділқазыларға беріледі.

 

                              4 станция «Суретшілер қаласы»

 

Әр командадан бір суретші шығады. 15 минуттың ішінде PAINT  редакторында бәсекелес командасының капитанының портретін салу керек.

 

                             5 станция «Кодтаушылар қаласы»

Капитандарға кодталған сөздер беріледі.  1мин .

    1 команда  — ТНАПТАҚЕЕР

   2 команда  —ЕИРВНСТЧЕ.

 

                             6 станция  «Ертегілер»

Үй жұмысы. Командалар «Компьютер» тақырыбына дайындаған ертегілерін оқиды.

 

 

«Суретшілер қаласы»станциясындағы жасалған суреттерді тексеру.

 

Сөз әділқазыларға беріледі. Командаларды марапаттау.

 

Ұстаз:Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.