Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы

Сабақ тақырыбы: Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ іс қағаздар тілінің тарихымен таныстыру.Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени

өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы  (1995),

«Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998)

республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік

береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар,

жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған№ 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында осы пән енгізілді.

«Ресми іс қағаздары» термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың  (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.

Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие, сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.

Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің  тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.

Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:

-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;

-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.

XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы, қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

  1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
  2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.
  3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Йоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
  4. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар хонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.
  5. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек.
  6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.
  7. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.
  8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.
  9. Нұралы ханның барон О.А.Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.

XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы: ғали кәһали уа ғали жәһәли – жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты; ғали хазіретлеріңіз – ұлы мәртебеліліңіз және т.б. Осы ғасырдағы құжатта кездесетін тұрақты эпитеттер: ғизатлу, хұрметлу (құрметті), мархабатлу (қайырымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі, жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағатты, мейрімді) т.б. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың барлығы араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу, -лү жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады.

Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғарғы ұғымын беретін араб сөзі — ғали. Ғали кәһали уа ғали жәһәли — жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз — ұлы мәртебелілігіңіз т.б.

Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын байқауға болады.

Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз, ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал  деп аталған.

Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны хабарлау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары алғам наме, ғарзе наме  деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданып жүрген хат  термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтабтү, кәтаб және хат  түрінде кездеседі. Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақ тілін реформалауды жүзеге асыруға негізгі болған құжаттарды ата?
  2. Тіл саясатын іске асыруда қандай шаралар жүргізілді?
  3. «Ресми іс қағаздар» терминің түсінігі.
  4. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы шолу жаса.