Мәтінді баспаға шығару.

Сабақ тақырыбы: Мәтінді баспаға шығару.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға мәтіндік  құжатты  баспаға шығаруды үйрету.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Баспаға шығару.

Құжатты баспаға шығарар алдында оны Файл-Предварительный просмотр командасын орындап алдын-ала қарап алуға болады. Экранға құжат принтерде қалай басылып шығатын болса, тура сондай түрде шығады.

Құжатты баспаға беру үшін Файл-Печать командасын орынадйды. Печать диалогтік терезесі пайда болады. Онда келесі параметрлерді бреуге болады.

  1. Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдауға болады.
  2. Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы керек екенін көрсету керек. Бір-бірлеп баспаға шығару үшін Разобрать по копиям опциясына жалауша орнату керек. Алдыен бірінші беттің барлық көшірмелерін, содан соң екінші беттің барлық көшірмелерін және т.с.с. басып шығару керек болса, жалаушаны алып тастау керек.
  3. Страницы бөлімінде параметрлерді орнату құжаттың қай бөлігі баспаға берілетінін анықтайды.
    • Бүкіл құжатты басу үшін – Все
    • Белгіленген бөлікті басу үшін – Выделенный фрагмент
    • Ағымдағы бетті басу үшін – Текущая
    • Номерлері бойынша жеке парақтарды басу үшін – Страницы таңдау керек.

 

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка –Номера страниц командасын таңдау қажет.

 

 

Құжаттарды басу

Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл – Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл – Печать командасын таңдаймыз .

Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.

Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.

Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
  2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?
  3. Кесте деген не?
  4. Кесте құру жолдарын ата?

5.Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

  1. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.