Жарғы, жарлық

Сабақ тақырыбы: Жарғы, жарлық.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жарғы және жарлық туралы мәлімет беру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жарғы тарих
Жарғы — дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі “иар” (“жар”) сөзінен шыққан. Мағынасы — әмір, әмір беру, билік айту. Ал “Кодекс Куманикусте” бұл сөз — jar түрінде жазылған, мәні — шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында ұлы билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы — “Жеті жарғы” құрастырылды. Жарғы, негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиіс болды. “ Жарғы ” термині қазіргі кезде “устав” сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.

Жарғы
1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды. Жарғыда мекеменің нақты атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т.б. қажетті мәліметтер көрсетіледі;
2) заңмен және басқадай құқықтық актімен белгіленген ережелер жинағы. Ол белгілі бір сала бойынша мемл. басқару органдары мен шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді (мысалы, белгілі бір сала қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғы;
3) мемлекеттің Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдеріндегі ішкі тәртіп ережелері мен әскери іс-қимыл жүргізу ретін айқындайтын құжаттардың жалпылама атауы (қ. Әскери жарғы);
4) Ресей империясының қазақ даласын әкімш. тұрғыдан басқаруға арналған құқықтық ережелерінің жалпылама атауы. Мысалы, “Сібір қазақтары туралы жарғы” (1822) Орта жүздехандық билікті жойып, әкімшілік басқару жүйесін Ресей үкіметінің басқаруына тікелей көшірді

Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие болады. Енді акционерлік қоғам жарғысының үлгісін қарастырып көрелік.

Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады (9, 172). Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі қуқықтық ө ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тірлеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:

Тіркеу туралы арыз;

Құрылтайшылар бекіткен жарғы;

Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса);

Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама ( ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады);

Санақ карточкасы;

Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;

Заңды тұлғаның мекен — жайын растайтын құжат;

Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі (19).

Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарпынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.

Жарғының деректемелері: 1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; 2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі; 3. Мәтіннің атауы; 4. Жарғының мәтіні; 5. Фирманың атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі — мәтін — ол саны мен рет тәртібі қатан белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс: ¾ жалпы ережелер: ұйымдық — құқықтық нысаны, атауы,мекен – жайы; ¾ қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет т.б.); ¾ серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; ¾ мүлкі, қорлары,табысы; ¾ басқару және бақылау органдары; ¾ жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер; ¾ есепке алу және есеп беру; дауларды шешу қызметін тоқтату. Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса,жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «Келісілді» деген арнайы белгі қойылады .

Жарғылық қор

Жарғылық қорзаңды тұлғаның жарғысында көрсетілетін қаражат көлемі. Оның ең төмемгі мөлшері тиісті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық қордың сомасына үлес қосушы жеке және заңды тұлғалар акцияға жазылған кезде жарғылық капиталдың жалпы сомасын бірден төлей алмауы да мүмкін. Мысалы, құнды қағаздардың белгілі бір көлемі тиісті заңға сай біртіндеп төленеді. Нарықтық экономикада Жарғылық қорды акционерлік капитал деп те атайды. Жарғылық қор— кәсіпорын жарғысымен анықталатын және, негізінен, акцияларды сату түсімдерінен (акционерлік қоғамдарда) немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымдарынан (шаруашылық серіктестіктерінің барлық түрлерінде) қалыптасатын кәсіпорын капиталының бастапқы мөлшері. Жарғылық қорға аударылған қаржы мөлшері жаңадан құрылған кәсіпорын қызметінің бастамасын қамтамасыз етуі тиіс. Жарғылық қорды қалыптастыру үшін өз үлесін қосқан заңды не жеке тұлға салынған қаражатқа сәйкес акция қағазын алуы керек. Жарғылық қорға үлес қосушы барлық тұлғалар жаңадан құрылған компанияның меншігіне өздерінің қосқан үлестерінің көлеміне қарай иелік ете алады. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның Жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрініс табады. Жарғылық қорға салымдар есебінде ақша қаржылары, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, жерді пайдалану құқығы және басқа да активтер қабылданады. Құрылтайшылар (қатысушылар) осы салымдар ауқымында кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жарғылық қордың шамасы реттелініп отырады. Жарғылық қор шаруашылық жүргізуші субъектілер балансында оқшау есептеледі.