Бұйрық -жарлық құжаттары.

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық -жарлық құжаттары.
Сабақтың мақсаттары: Бұйрық –жарлық туралы толық мағлұмат беріледі. Өмірде қолдана білу.
Сабақтың міндеттері.Білімділік:Бұйрық-жарлық құжаттарды дұрыс жазуға практикалық жолдармен меңгерту..
Дамытушылық: . Бұйрық-жарлық құжаттарға байланысты лексикалыұ минимумды сөйлей барысында дұрыс қолдану.
Тәрбиелік: Іс қағаздарымен жүргізілетін жұмыстарды іс-әрекет арқылы, үлгілері арқылы меңгереді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,пікірлесу,әңгімелеу, талдау,
Сабақтың технологиясы:сатылай кешенді талдау,деңгейлік оқыту
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың типі: практикалық сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, компьютерлік слайдтар, сөздік,Тіл туралы заң, іс қағаздардың үлгілері.
Пәнаралық байланыс: құқы, информатика.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық.
2.Жаңалықтарға шолу жасау.
3.Ауа райы болжамы.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
ІІІ. Үйге берген тапсырманы пысықтау.
1.Еңбек қатынастарын құжаттау туралы әңгімелеу.
Практикалық жұмыс. Компьютермен жұмыс.
Әр оқушы еңбекке қатынысты құжаттардың үлгілерін жазады. .
Әр оқушының тапсырмасын тексеріп, қорытынды жасап бағалау.
Негізгі бөлім. Қызығушылығын ояту.
Бұйрық туралы не білесіңдер?
Кіріспе сөз. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бұйрық-жарлық құжаттар туралы толық мағлұмат беріледі. Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне ж Бұйрық — жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
әне қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады
Сөздік жұмыс
бұйрық — приказ, бұйрык беру — отдать приказ, бұйрық шығару — издавать приказ,
жеке құрам бойынша бұйрық — приказ по личному составу
бұйрыққа бағыну — подчиниться приказу,тағайындалсын- назначитъ, қабылдансын- принять
Грамматикалық тапсырма. Берілген тұйық етістіктерді бұйрық райдың ІІІ жағына қойып жазыңдар.Тағайындалу, ауыстырылуы, жүктелу, уақытша атқару, босатылу, қабылдану, шығарылу.
Үлгілермен танысыңыз. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бұйрықтағы мөтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.
I. БҰЙРЫҚ
Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы
Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес оқытушылық қызметіне қабылдансын.
Ректор (қолы)
II. БҰЙРЫҚ
Медициналық колледж директорын уақытша ауыстыру туралы
Алматы медициналық колледжі директорының 3 айға Англияға ресми сапарға кетуіне байланысты оның міндеттерін уақытша атқару директордың орынбасары Шөкира Аманқызына жүктелсін.

Директор (қолы)
ІІІ.Жарғы
Бекітілді
00.00.0. Жиналыстың хаттамасы
Шығарылған жері
00.00.0. №1 Мәтін
Бас директор Қолы Тегі, есімі, әкесінің аты.

Үлгіге қарап,жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазыңдар.

Жаңа сабақты бекіту. Бұйрық деген не?Жарлық не үшін керек.?
Сабақты қорытындылау. Әр топ бір-бірлерін бағалайды. Мұғалім қорытынды жасап, бағалайды. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. «Ақпараттық-анықтамалық құжаттар» тақырыбына мәліметтер дайындау.

Үйге тапсырма: Мазмұндау, бұйрықтың үлгісін жазу.