А.Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз.

391

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз.
Сабақтың мақсаты: 1. А.Құнанбайұлының қара сөздерін оқыта отырып,толық мәлімет беру, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

  1. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
  2. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс,тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың  барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

∙ Абайдың өлеңін мәнерлеп  жатқа айту.

∙ Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.

  1. Жаңа сабақ.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»

М.Әуезов.

А.Құнанбаевтың өлеңдері мен поэмаларымен таныстыңдар.Мына кестені толтыру мақсатында біз бүгін Абайды тағы бір қырынан танитын боламыз.

 

Ой қозғау. Оқушыларға ББҮ кестесін толтырту.

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
 

 

 

 

   

 

Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.

Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.

Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады. Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
Интерактивті тақтадан  Абайдың 1- қара сөзін тыңдата отырып, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

Мағынаны тану сатысы.Балалар,бүгін біз Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қара сөзі мен отыз бірінші қара сөзімен танысамыз.

Тақтадан жиырма тоғызыншы қара сөзін тыңдатып,талдау жасау.

Кестені толтыру.

 

Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Оқушы пікірі
     

 

   « Зерек ес», «есте сақтау», «ақыл» деген кілт сөздер беріліп,балалардың ойларын тыңдау. Балалар, сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады?  деген сұрақ қойылады.

Зерек ес – психологиялық күрделі процесс. «Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.

Абайдың «Отыз бірінші сөзін»  тыңдату.

Ауызша жұмыс.Мәтін бойынша сұрақтар қою.

Мәтінде не туралы айтылған?

Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?

Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?

Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр.

Ой кеселдерін ата.

Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?

Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерінің синонимдерін жазу. түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс)

Тақтамен жұмыс.Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.

Қарасөз

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз
  2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің

тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.

  1. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз.
  2. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына

бар.

  1. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет

жанрына берілген атау.

  1. Грамматикалық мағынасы – зат есім.
  2. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді.

Шығармашылық жұмыс. Өзің қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көр.

Ұсынылатын тақырыптар.

* Күлкішілдік

*Зиянды әдеттерге құмарлық

Қорытынды.

Кестедегі «Үйрендім» ұяшығын толтыру арқылы сабақты бекіту.

Мұғалімнің сөзі. Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Үйге тапсырма:  Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін…

(Сөйлемді өз ойыңмен ұштастыр.)

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сынып, Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Жиырма тоғызыншы қара сөз.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты. оқушыларды сабақ барысымен таныстыру, ақынның дарындылығын дәріптеу, оның қара сөздерімен таныстыру;

 Дамытушылық мақсаты. оқушылардың өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге үйрету, сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу, арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу. Өз-өзіне баға беріп, өз-өзіне сын тұрғысынан қарай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты. оқушыларды адамгершілікке, еңбекті сүюге, тәрбиелеу, дұшпандық істерден сақтануға шақыру.

 Сабақтың түрі: өнеге сабақ

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін қорғау

Сабақтың көрнекілігі:

 Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

— оқушылармен сәлемдесу

— сыныпты түгелдеу

Сабақтың жоспары.

І. Ой қозғау. Нені білеміз?

Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.

 

ІІ. Ой толғау. Нені білдік?

Бұл бөлімде Абайдың қара сөздерімен танысып, соның ішінде Жиырма тоғызыншы қара сөзбен танысамыз.

Оқушылар «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» мақалдарының мағынасын мына кестеге жаздырып, Абайдың түсіндірмесімен салыстырамыз.

 

Мақал-мәтелдер Оқушының ой-пікірі Абайдың сыны

«Жарлы болсаң, арлы болма»

«Қалауын тапса, қар жанады»

«Атың шықпаса, жер өрте»

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

«Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

 

ІІІ. Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?

Бұл бөлімде мына сұрақтар төңірегінде пікірлесу жүргіземіз:

  1. М.Әуезов Абай қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі туралы қандай пікірлер айтады? Сен не айтар едің?
  2. Қай мақалға айтқан сынына қосыласың? Себебін дәлелді түрде айту.
  3. Қай мақалға айтқан сынға қосылмайсың? Себебін дәлелді түрде айту.

 

«Бес жол өлең» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз..

  1. Зат есім (1 сөз) . . .
  2. Сын есім (2 сөз) . . .
  3. Етістік (3 сөз) . . .
  4. Пысықтауыш (4 сөз тіркесі) . . .
  5. Түйін сөз ( 5 сөзден құралған түйін сөйлем) . . .

 

Үй тапсырмасын беру

«Ата-анадан тәтті жоқ», «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыптарында шағын шығарма жазу

 

Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз

 Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы  терең ұғындыру, қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету.

Ә) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге баулу, тіл байлығын дамыту.

Б) Тәрбиелілігі: ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге адамгершілікке, адалдыққа, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу, жаны ізгілікке жақсылыққа толы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, топтастыру, рөлге бөліп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, бүктеме, интерактивті тақтадан слайдтар,

тірек-сызба, үнтаспа, кітаптар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабақтың құрал-жабдықтарының, сынып бөлмесінің әзір екенін тексеру. Назарын сабаққа аудару. Абайдың әні орындалады.

Үй тапсырмасы: М.Әуезов

«Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты»

Абайдың суреті, туған жер көрінісі

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Слайд арқылы Абайдың өмірі, шығармашылығына тоқталу.

М.Әуезов суреті.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»

 

 

 

 

 

Абай өлеңдерін топтастыру арқылы үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

 

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Абай-дана, Абай дара қазақта»  (он жетінші қара сөзі негізінде)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Абайдың  он жетінші қара сөзінде айтылған даналық ойларынан ақыл, қайрат, жүрек сапаларын, олардың мәнін ұғыну. Оны өз сөздерімен жеткізе алу. Тірек сөздердің мағынасын  түсініп, сөйлем, мәтін құрастыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, сұлулық, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. Ақыл мен қайраттың пайдасы мен пайдасыз жақтарын біліп, жақсылығына басымдық беру түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық (кәсіби-біліктілік): оқушылардың өзара пікір алысу,, ортақ ьой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.

Сабақтың тегі: меңгерген жаңа материалды жинақтау және жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, рөлдік ойын, пікірталас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік әдістер, сыни ойлау әдісі, ойға шабуыл, ойталы, пікірсайыс , коммуникативті әдіс, проблемалық ізденіс әдісі.

Сабақтың жабдығы: «Абай қара сөздері» (Семей 2001жыл). Абай энциклопедиясы, Абай шығармаларының жинағы. Г. Құрманбай. «Абай қарасөздері»-сабақта. Оқу құралы.

Жұмыс дәптерлері, таратпалы материалар, техникалық құралдар, суреті

  1. Сабақтың барысы:
  2. Ұйымдастыру.

 

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

  1. Үйге берген тапсырмаларды тексеру.

Оқушылар өздеріне ұнаған қарасөздерін жатқа оқиды. Талап: Абай қарасөһздерін оқуға шығармашылық шешім табуы керек. (Ақылдасуға, айтуға, қойған сұрақтарға жауап бергендеріне 10 минут уақыт беріледі).

Оқытушы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады.

-Балалар, өткен сабақта Абайдың он жетінші қара сөзінің мазмұнымен танысып, біраз оқушылар Абайдың он жетінші сөзіне келіспейтіндіктерін білдірген еді. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша, бүгінгі сабағымызды  он жетінші сөзге арнаймыз, пікірсайыс өткіземіз. Пікірсайысты бастамас бұрын  он жетінші қарасөзде не туралы айтқан еді» Баршамызға түсінікті болу үшін  мазмұнымен таныстыра кетейік. (Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогі.       5 минут).

Мұғалім: — Балалар, Абай осы он жетінші қарасөзіндегі ойын өлеңімен бекіткен деп едік қой. ОЛ қай өлеңі еді? Кім оқиды? Бір оқушы  «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» өлеңін оқиды. (1 минут).

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек , Бәрін жүректі билет дейді, ал енді сендер не дейсіңдер»?

  1. Меңгерген материалд жинақтау және жүйелеу мақстында он жетінші қарасөзге пікірсайыс, яғни дебат өткізу.

Төреші дебаттың шарттарымен таныстырады (1 минут)

Дебат (20 минут) Резолюция: «Ақыл мен қайрат жүрекке бағынуы шарт па?» Бәрін жүрекке билет деген дұрыс па?»

Шарты:

а) әр оп өз тұжырымын өмірімен саақтастыра дәйектеу керек;

ә) бір-біріне сұрақ қоюы, жауап беруі;

б) бір-бірінің пікіріне сын айтуы, өз пікірлерін дәлелдеуі.

Мақсаты; Нақты тапсырма бойынша өз пікрін дәйектеп жеткізуге және қарсыластарымен пікірсайысуға, сұраққа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру.

Бағалау шрттары:

-пікірлерін түсінікті әрі жүйлі жеткізе алуы;

— өзгелердің пікірлерін сараптай алуы:

— өз тұжырымдарын дәлелдей білу  дағдылары;

-өз мәдениеті және сөйлеу мәдениеті.

Тапсырма: Қарсы тп оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты екі сұрақ дайындаңыздар (2 минут)

Мақсаты: оқушыларды сұрақ-жауап негізінде өзара  сұқбаттасуға, бір-бірінің жауабындағы мәнді немесе басы артық пікірлерді саралауға төселдіру

Бағалау шарттары:

—      сұрақты дұрыс қоя білу іскерліктері;

—      өзгелердің сөзіне сын көзбен қарап, бағалай алу  дағдылары:

—      өз пікірін әдеппен жеткізе білуі.

Төреші қай топтың жауабы дұрыс болғанын айтады.

Тапсырма: Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып,  Абай туралы

шағын мәтін құрап айтыңыздар:

толық адам, ақын нәр алған қайнар бұлақтар, өлеңдердегі сыр,  қарасөздердегі мұң, ұлттық мәдениеттің үлгісі.

Бағалау шарттары:

-сөз мағыналарын дәл ажыратып, сөздерді дұрыс қолдану;

тірек сөзден сөйлем, одан біртұтас мәтін құрау дағдылары;

мәтіндегі ойдың мазмұнын жеткізе білу.

Тақырып бойынша оқушылар түйіндемесі.

Үйге тапсырма: «Болмасаң да ұқсап бақ! »  (Абай қарасөздеріне ұқсатып өз қарасөздеріңді жаз).

Қорытынды.

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазғанмын  Абайдың үлгісіменен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден…

 

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-

депті  XX ғасырдың атақты ақыны Мұқағали Мақатаев

Қадірлі оқушылар, сендердің жүректеріңде де дара Абайға, дана Абайға орын бар деп білемін. Абай жаққан сәулені сөндірмеулеріңді өтінемін. Рахмет сендерге!

Әдебиет пәні 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Абайдың “Он жетінші қара сөзі”
Сабақ мақсаты:
а) Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін;
ә) Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
б) Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақ түрі: топтық
Сабақ типі: жаңа білім беру
Сабақтың өту әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру әдісі, рөлге бөліп оқу, талдау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, интерактивті тақта, слайд-шоу
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
II. Мақсат қою
III. Жаңа сабақ. Психологиялық тренинг

І Өткен сабақта біз қай ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстық?
ІІ Абай – ұлы ақын, аудармашы, сазгер, мысалшы, ағартушы, философ дейсіздер кім дәлелдейді?
Абай: — аудармашы, мысалшы, сазгер, ақын
— Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабақтың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып “Он жетінші қарасөзді” меңгеру.
(Дәптерге күннің жады мен тақырып жаздыру).
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
(Абайдың бірінші қарасөзін оқиды).
I топ “Ақыл”
II топ “Қайрат”
III топ “Жүрек”
IV топ “Ғылым”
(Топтан әр оқушы шығып, мәтінді оқып 3 минут береді, түсіндіреді, қайтып өз тобына келіп айтады. Мәтін 4 бөлікке бөлінген).
Мәтінде қандай түсініксіз сөз кездеседі?
Ғақлия, ғибадат, ахирет, нәдәсі.
Салыстыру.
— Балалар, өткен сабақта Абайдың ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерін тауып, осы жаңа тақырыппен салыстырып кел деген болатынмын.
Жаңа тақырыптағы қайрат, ақыл, ғылым, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді?
“Ақыл” тобы: Әуелде бір суық мұз — ақыл, зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек

“Қайрат” тобы: Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек

“Жүрек” тобы: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек

“Ақыл” тобы: Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарыместі “жақсы” деме

“Жүрек” тобы: Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек

“Ғылым” тобы: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.

“Ғылым” тобы: Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз.

Дәлелдеу.
Қайсысының айтқаны дұрыс?

1. Әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “ақыл” тобы ақылдың айтқанының дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдеу.
Ал, “ғылым” тобы әр топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады.
2. Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек – үшеуін ғана таңдап алған? Неге ғылымға төресін айтқызған?
3. Сендердің өз бойларыңда осындай сипаттар бар ма?
Сергіту минуты “Сен Абайды білесің бе?” ойыны

Бекіту. Табанының топырағы көзге сүртерлік, қасиетті, толық, идеалды адам болудың жолдары үшін қандай қасиеттерге ие болуларың керек?
Ал, егер үшеуі бір адамнан табылмаса қайсысын таңдар едің?
Құдайшылыққ сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды.
“Құран кітабы” сүре
“Рафт” ойыны
Үйге тапсырма
1.Абайдың өмірін, шығармашылығын білу.
“Он жетінші қарасөздің” мазмұнын білу.
Рөлге бөліп жаттау.
“Мен кіммін” деген тақырыпта шағын шығарма жазу.

 

Сабақтың тақырыбы: “Абайдың қара сөздері”
Сабақтың білімділік мақсаты:  Абайдың  қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру.
Дамытушылығы: Ақын жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан  құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып,оқушылардың ақыл-ойларын дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абай шығармашылығында кең таралған кәсіптің түрлі салаларын меңгеруге, адал еңбек етуге үндеу, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Иллюстративті-түсіндірмелі,ынталандыру, сөздік әдісі, ақпарат беру әдісі,оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың қара сөздері (аудио түрінде жазылған), слайд, қара сөздері толық нұсқаларымен, суреттер.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу) 2. Үй тапсырмасы (сұрау, бекіту сұрақтары) «Ескендір» поэмасынан үзінді (оқушылар жатқа айтады) (сөз жұмбақ гиперссылка арқылы ашылады.)

1.Абай “Масғұт” поэмасында көпшіліке  нені үлгі етеді?

2.“Ескендір” поэмасын Еуропа ақындарына қоса, шығыстың қай

ақыны жырға қосқан?

3.Абайдың дүниежүзілік озық шығармалары?

4.Абай орыс жазушылары Крыловтың, Пушкиннің және тағы қай  ақынның

шығармаларын аударған?

  1. Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым,гуманист?
  2. Негізгі бөлім Жаңа сабақ (түсіндіру,видеоролик гиперссылка арқылы ашылады.)

Абайдың қара сөздерінің саны -45.Қара сөз  – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ( слайд арқылы көрсетіледі)

Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз

Ләкин – бірақ  (он сегізінші сөз)

Дәрілхарап – қауіпті, бүлінген (Жиырма бесінші сөз)

Хикмет – керемет, ғажайып, сыр, ақыл (Жиырма бесінші сөз)

Дауғасына – талас, тартыс, айтыс ( Жиырма бесінші сөз)

Ғибратлану- үлгі,өнеге, сабақ алу (Отыз бірінші сөз)

Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылып, ауызша талдаймыз.                                                                                                                                                4. Қорытынды ( тапсырмалар беру)

Тапсырмалар (слайдтан көрсетіледі)

1-тапсырма. Абайдың он жетінші қара сөзін рөлге бөліп оқыңыздар (ақыл, жүрек, қайрат, ғылым)

2-тапсырма.Абайдың бесінші қара сөзіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, талдаңыздар

«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым – береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без»

3-тапсырма.Абайдың он екінші, он бірінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, мазмұнын ашыңыздар

4-тапсырма. Ақпаратпен толықтыру  (оқулықпен жұмыс, оқушылар берілген мәтіннен жасырын сөзді табады 109-112 беттер аралығында)

1.Бұл қарасөздер  -көркем  әңгіме емес, алайда олардың _______   ______ , мақала, ғылымдық,  _________ шолулар деп қарастыруға болады.

2.Абай поэзиясында  жиі кездесетін “_____” мен “______” ұғымын оның адам  ___________ рөлін, өміріндегі қызметін өзіндік __________ кең талдап түсіндіреді.

3.______ қара сөздері өз _______ тарихи шындығынан туған.

4.“Сөз   _________  жұртқа сөз айтқанша, __________ танитұғын шошқаны  баққан жақсы деген екен ______     ________, сол секілді сөзө болады”. – деп аяқтайды

  1. Абай өзінің  _________   арқылы да тілімізді _____    _______ әдебиетінде  ____  белеске шығарды.

Н.Ә. Назарбаев: «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен» деп сабағымызды қорытындылаймыз.

  1. Үй тапсырмасын беру  «Абайдың қара сөздерін жатқа айту» (түсіндіру әрбір оқушы бір-бір қара сөзден жаттау)

6.Бекіту (белсене қатысқан оқушыларды бағалау)

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың қара сөз жазудағы ерекшелігін меңгерту. Афоризм жазудағы ақынның тіл шеберлігін таныту

Тәрбиелік: Оқушыға көркем ойдың айнасы – көркем сөз екендігін үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Танымдық белсенділіктерін арттыру, сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдісі: баяндау; сұрақ жауап, топпен жұмыс

Түрі: дәстүрлі сабақ   Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Көрнекілігі: Абай қарасөздері, Абай афоризмі, интерактивті тақта

Барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Абайдың өлеңдерін тақырып бойынша топтастыру, табиғат, адамгершілік, өнер – білім лирикасы.

ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.

Абайдың өмірінің соңғы кезінде жазған шығармаларын кім біледі? Қанша қара сөзі бар?

Ү. Жаңа сабақ

Мағына тану Міне, өздерің айтқандай Абай ХІХғ 90- ж өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған:

Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.

Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес,ғақлиялық даналық сөздер.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар.Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады.Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.

Қара сөздерінің жалпы саны – 45.Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді.

1Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13,8,22,38, 7, 41, 42, 46 сөздер.

2.Оқу – ағарту ғылым, өнер – білім: 12,8,10,17,18,25,32,33,38,43 сөздер.

3.Еңбек,шаруашылық,тұрмыс,туралы,адамгершілік:14,15,17,18,21,22,28,34, 42,44сөздер.

4.Діни имандылық,өмір сырлары туралы:12,13,15,17,31,35,36,37 сөздер

 

 

 

 

 

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері

 

 

Мақала мысал өсиет афоризм дидактикалық насихат өсиет көркем сөз

 

ҮІ. Сабақты бекіту.

 

1.Қорытынды сөз. «Қара сөздері» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900 – 1904 жылдар аралығында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп ол 1904ж 23.ҮІ 59 жасында дүниеден қайтты.

2.Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыда талдау.

 

ҮІІ. Бағалау.

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін жаттау.

 

Абай Құнанбайұлының Қазақша — Орысша Қара сөздері жинағы: ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

 

Абай Құнанбайұлының Қазақша — Орысша Қара сөздері жинағы: ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

 

Қазақша / Казахский

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.
Әкесінің баласы — адамның дұшпаны.
Адамның баласы — бауырың.
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.
Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.
Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.
Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к…н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.
Егер ісім өнсін десең, ретін тап
Биік мансап — биік жартас
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел,
Алдыңғы толқын — ағалар,
Артқы толқын — інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
Тоқ тіленші — адам сайтаны,
Харекетсіз — сопы монтаны.
Жаман дос — көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
Қайратсыз ашу — тұл,
Тұрлаусыз ғашық — тұл,
Шәкіртсіз ғалым — тұл.
Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің

Абай Құнанбайұлының Қазақша — Орысша Қара сөздері жинағы: ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ

 

Абай Құнанбайұлының Қазақша — Орысша Қара сөздері жинағы: ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ

 

Қазақша / Казахский

Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа әдет жол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім», «білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді.
Сол үшін осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады.
Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абұйыр да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желөкпелеу, мақтаншақ байларды: «сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын» деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ, содан алып киімін бүтейтіп киіп, тәуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді, бос шығынданғанын да ескермейді. Бір кісімен сөйлессе, «мұны қайтеміз?» — деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен және де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп ойлап: «Ой, тәңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой» деп, «оған бүйдей салсаң болмай ма?» деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. Және байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, әлгі антұрған бағанағы байға: «Мен айтпап па едім, оныкі қулық сөз деп, міне, көрдің бе?» — деп, екіншіде тырп етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де — осы.

 

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

24.07.2011, 19:50
БІРІНШІ СӨЗ

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

1890

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», — деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

1890

ҮШІНШІ СӨЗ

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым — солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек — әр қазақтың ойы осы.

Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық.

Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады.

Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание — тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп.

Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Оның себебі: әуелі — қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді.

Уә және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе.

Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді.

1891

ТӨРТІНШІ СӨЗ

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!

Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.

Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

БЕСІНШІ СӨЗ

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы — жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі — «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал — адамның бауыр еті», «Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым — береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.

Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен.

Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

1891

АЛТЫНШЫ СӨЗ

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік — ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды — тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың — пысық, ішің — нас,

Артын ойлап ұялмас, —

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.

1891

ЖЕТІНШІ СӨЗ

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» — дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

1891

СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? — деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім — ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны — бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ — солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.

Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.

Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

1891

ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ

Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.

Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? — еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық кайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттегене-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.

1892

ОНЫНШЫ СӨЗ

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің — балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да — бір бос сөз. Әуелі — өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші — балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші — малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары — ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір — қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі — біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің — сол.

Бұл — құдайдан тілеген емес. Бұл — абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы — сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.