Басқару, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық.

Сабақтың тақырыбы: Басқару, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық.

Сабақтың мақсаты: Бұйрықтың мазмұны, түрілерімен танысып, үлгілерін жазу.

 

Бұйрық

Бұйрық – мекемедегі, ұйымдағы, кәсіпорындағы кадрларға байланыс мәселелерді іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бір түрі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс-парағы сияқты құжаттарға қатысы бар. Өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркеледі. Ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнет ақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер жинақтайды.

Бұйрық белгілі бір ұйым, мекеме басшыларына сол ұйым мекемелердің алдында тұрған негізгі және нақты мәселелерді тікелей және басқару негізінде шешуіне мүмкіндік беретін құқықтық акт.

Бұйрық ретіне қарай жеке адамға да, мекеменің жалпы іс-әрекетіне де қатысты болады.

Жазылу құрылысы: қағаздың сол жақ бұрышына іс-қағазының аты, күні, нөмері, жазылған жері, бұйрықтың тақырыбы жазылады. Одан әрі мазмұны, соңына бұйрық берушінің қызметі, аты-жөні жазылып қол қойылады, мөр басылады. Мазмұны екі бөлімнен: дәлелдеме және бұйрық бөлімінен тұрады. Екі бөлімнің аралығын “Бұйырамын” сөзі байланыстырады.

 

Негізгі сөздік

бұйрық шығару— издавать приказ
бұйрықпен танысу— ознакомиться с приказом
басқа жұмысқа ауысуына байланысты— в связи с переходом на другую работу
денсаулығына байланысты— в связи со здоровьем
зейнеткерлікке шығуына байланысты— в связи с уходом на пенсию
тағайындалсын— назначить
қабылдансын— принять
босатылсын— освободить
ауыстырылсын— заменить
жүктелсін— возложить

 

Үлгімен танысыңыз

№7 Бұйрық

“28” сәуір 2005 ж.№18 орта лицей-мектебі

Талдықорған қаласы

Математика пәні мұғалімін жұмысқа қабылдау туралы

Дошаева Лаура Жанеділқызы 2005 жылдың 28-ші сәуірінен бастап жоғары сыныптардағы математика пәнінің мұғалімі етіп қабылдансын.

Қалалық Білім бөлімінің бастығы “27” сәуір 2005 жылғы №31 бұйрығы негізге алынды.

                          М.О№18 мектеп директоры              /қолы/               Д.М. Садықов

 

Бұйрықпен таныстым                /қолы/                Л.Ж. Дошаева