Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер

325

Мерзімі: 21.11.2013 жыл

Сыныбы: 6 қазақ сыныбы

Пән атауы: биология

Сабақтың тақырыбы:  Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жемістің түрлерін таныстыру,шырынды және жемістерді ажырата білу, жемістердің емдік қасиеті мен пайдасын білдіру.

Сабақтың міндеттері:

а)білімділік: Оқушыларға жемістің түрлерімен,құрылысымен таныстыра отырып,жемістердің ұқсастығымен айырмашылығын білуге үйрету.

в)тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық, экономикалық, эстетикалық тәрбие бере отырып оқыту.

б)дамытушылық: Осы бөлімдер арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, денсаулығын күтуге үйрету, пайдалы тамақты таңдай білуге дағдыландыру,тілі дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың өту әдісі:  Сұрақ жауап, СТО топтастыру, пирамида, венн диаграммасы, сиқырлы таяқша.

Пән аралық байланыс: Биология, география.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, суреттер, буклет, жемістер мен көкөністер,флепчарт,видео ролик,үлестірмелік тапсырмалар

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ

Стратегиялық іс әрекет:  «Миға шабуыл». «Ой қозғау». «Кластер»әдісі. «ДЖИГСО» әдісі. «Жұптас – ойлан — бөліс», «топтық бағалау».

Ұйымдастыру кезеңі

3 слайд: Мағынаны тану

Оқушылар өсімдік мүшелерін атайды және оларды вегетативті,генеративті

деп 2 топқа жіктейді

 

 

4 слайд: Пирамидамен жұмыс жүргізу: Өсімдік мүшелерінің қызметтерін айтады

1. Тамыр

2. Сабақ

3. Жапырақ

4. Гүл

5. Жеміс

5 слайд: Жаңа сабақты түсіндіру:

Мен қазір сіздерге мәтін оқимын. Ол мәтінде жасырылған сөз бар. Мұқият тыңдаңыздар.

Мен бір кездерде жайқалған гүл болатынмын. Тозаңданып, аналық жатынында пайда болдым. Күндер өтіп, мен өсіп, дамыдым. Қазір менің  атым  кім?

6 слайд: Жауабы: жеміс

  

Жеміс сөзін естігенде ойларыңызға не келеді?

Жеміс  түрлері  үлестіріледі  және  үлестірмелі  кестелер  беріледі.

-Балалар алдарыңызда әртүрлі жемістер жатыр. Зер салып қарайықшы бірі-бірінен қандай айырмашылықтар бар екен?Әр оқушы кезек-кезек үстел үстінде тұрған әрбір жемістерді сипаттайды.

 

7 слайд: венн диаграммасымен жұмыс жүргізу.

 

Құрғақ жеміс Ұқсастығы Шырынды жеміс
асбұршақорамжапырақ

шалқан

меңдуана

үйеңкі

қайың

бидай

жүгері

бақбақ

жаңғақ

 

гүлжеміс

ұрықтанады

тозаңданады

тамыр

пайдасы бар

витамин

тамақ

тұқым

жасуша

қызанақ, жүзім

картоп

мандарин

апельсин

лимон

өрік

шие

алхоры

шабдалы

пияз

         

8 СЛАЙД СЕРГІТУ СӘТІ: Кел балалар билейік- видеоролик     

   Кестемен жұмыс жүргізу-интерактивті тақтада.Оқушылар әрқайсысының тұсына + таңбасын қояды.

 

Р/с Өсімдік атауы Құрғақ Шырынды
1 Картоп +
2 Өрік +
3 Бидай +
4 Қауын +
5 Шие +
6 Асбұршақ +

9-25 слайд: жемістердің жіктелуі туралы мұғалімнің мағлұматы

 

26 слайд. Мұғалім оқушыларға жемістерден не аламыз деп сұрайды.

Оқушылар ДӘРУМЕНДЕР деп жауап береді.

27 слайд: Жемістердің пайдасы айтылады.

 

 

 

28-29 слайд. Оқушыларға мұғалім жұмбақ жасырады.Одан кейін оқушылар өздері бүгінгі тақырыпқа сай білетін жұмбақтарын айтады.

 

30 слайд Алақай, мультфильм қараймыз.тақырыпқа байланысты 2 минуттық көңілді мультфильм қарау

  

Сабақты бекіту:

31 слайдта тапсырмалар деген тақырыпша жазулы тұрады

32 слайд Оқушылар екеуара жұмыс жасайды:

 

  

Тест

 

 

 

Одан кейін оқушылар үлестірме материалымен жұмыс жасайды

 

33 слайдта тесттің дұрыс жауабы шығады. Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

34-35 слайдтар:  Мұғалім сабақ соңында өсиет әңгіме оқып береді:

Диқан ксендзуға келіп шіркеуге тиесілі жерді жалға беруін сұрайды.
— Бұл жер қараусыз, — дейді диқан, — менің болса үлкен отбасым бар.
Ксендз біраз ойланып.
— Жарайды, — дейді, — жалға берейін. Бірақ алдыменен бәстелесейік. Жеңсен — жер сенікі.
— Қалай сонда? — түсінбейді диқан.
— Сөзсіз әңгімелесіп, — деді ксендз — бірбірімізді түсінуге тырысайық.
Сүйтіп ксендз диқанға саусақ көрсетеді. Диқан көп ойланбай екі саусақ көрсетеді.
Ксендз аң-таң. «Қарай гөр мұны, қандай дана жауап қайтарды. Оған Құдай жалғыз деп едім, дүние екілік дегені дұрыс екен». Бұл жолы ксендз қалтасынан алма шығарады.
«Дүние — жаннат», — мағынасында. Диқан сөмкесінен пиязды шығарып алманың қасына қояды. «Дегенмен көз жасы да көп», — іспетті жауап бергендей болады.
— Уау! — таңқалады ксендз. — Жер сенікі. Ала бер!
Диқан үйге қуанып қайтады.
— Не болды? — сұрайды әйелі — Жерді ала алдың ба?
— Иә, — дейді диқан, — бәстелесіп едік, жерді ұтып алдым.
— Қалайша? — таңқалады әйелі.
— Онымен сөзбен емес, ишаратпен әңгімелестік — Алдыменен ол маған бір саусақ көрсетті, яғни: «Көзіңді шұқып аламын» дегені ғой. Мен абыржымай оған екі саусақ көрсеттім: «Мен екі көзіңді шұқып аламын» мағынасында. Ол таңқалды да алма шығарып көрсетті, оны «Бұл менің асым» деп түсіндім. Мен өз кезегімде пиязды шығарып:
«Сенің асың алма болса, менің асым — пияз» дедім. Осыдан кейін ол жерді бере салады.

Үйге тапсырма беру.          Жемістер тақырыбын оқу,сурет салу,өзің жақсы көретін жеміс туралы әгіме жазып келу

Оқушыларды бағалау.

 

Оқушылармен қоштасу. 

Сабақ соңында суретке түсу

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЖемістер
Келесі жазбаЖемістер