Хаттама

Сабақ тақырыбы: Хаттама.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға хаттама туралы мәлімет беру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне  қатысты   құжаттар.
Хаттама.
Хаттама — жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда жоне алкалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сойлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөилеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толык хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз сту қажст. Құжаттын заңдылық жарамдылығы барлык қажетті дсректермен, олардың дүрыс толтырылуымен және хаттамадагы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп аныкталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардьщ саныныц көрсстілуі маңызды, ол кабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; күжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың қүрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалган мәселе, сойлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады.

Сөздік
хаттама — протокол
мәжіліс, отырыс — заседание
жинальтс — собрание
төраға — председатель
хатшы — секретаръ
тізім — список
күн тәртібі — повестка дня
баяндама — доклад
қысқаша жазба — краткая запись
есеп -отчет
қүжат — документ
міндет — задача
мәселе — проблема, вопрос, задача
ұсьшыс — предложение
бірауыздан — единогласно
қатысу — участвовать, присутствовать
сөйлеу — выступать
тыңдау — слушать
қаулы кабылдау — постановить
қабылданған қаулы — постановление
макұлдау — одобрить
бекіту — утвердить
қоса беру — прилагать
коса беріліп отыр — приллагается
ұсыну — предлогать
енгізу — внести
мекеме — учреждение
корытындылау — подытожить, заклгочить
ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ
I.  Грамматикалық минимум:
Акпаратты ұлғайту. Ырьщсыз етіс. Ауыспалы осы шақ. Көптік жалғау. Сиионимдік катарлар. Зат есімнің тәуелденуі. Жалкы ссім. Реттік сан есім. Номенклатуралык атаулар.
II.  Коммуникативтік минимум:
керек, накты дерек, айтылған ескертпелер.
III.  Фонетикалык минимум:
Үндестік заңы (сиигармонизм). Ілгерінді және кейінді ықпал.
IV.  Етістік минимумы:
көңіл аудару, белгілеу, нактылау, камтамасыз ету, мән беру, міндеттеу, іске асыру, ескеру.
Хаттама жазу, мәжіліс өткен орын, күн тәртібі, тіркеу нөмірі.
Тапсырма 3.             Төмендегі сүрактарға жауап берініздер. (Ответьте на вопросы).
1. Хаттама деген не?
2. Хаттама кандай жағдайда жазылады?
3.  Хаттаманың деректемелерін атаңыз.
4. Хаттаманың үзіндісін кім куәландырады?
5. Хаттамада шешімін тапкан мәселелердің орындалу мерзімі көрсетіледі ме?

 

 

 

 

Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Хаттама.

Сабақтың  мақсаты: Хаттама жазуды үйрету.

1.Негізгі сөздік

хаттама-протокол
ұжым-коллектив
Жиналыс-собрание
Мәжіліс-заседание
Күн тәртібі-повестка дня
Мәселе-вопрос
Жарыссөз-прения
Қатысқандар-присутствовали
Қатыспағандар-отсутствовали
Дәлелді себеппен-по уважительной причине
Дәлелсіз себеппен— по неуважительной причине
Баяндама-доклад
баяндамашы-докладчик
Хабарлама-сообщение
Сұрақ-вопрос
Қаулы-постановление
Төраға-председатель
Кеңейтілген-расширенный
Бірлескен-совместный
Хатшы-секретарь
Төралқа-президиум
Хаттаманың көшірмесі-выписка из протокола
Қорытынды-заключение
Қорытындысында-в заключение
Тізім-список
Сөйлеу; сөз сөйлеу-выступить
Сұрақ беру-задать вопрос
Жауап беру-ответить на вопрос
Қаулы ету-постановлять
Назар аудару-обратить внимание
Талқылау-обсудить
Шешім қабылдау-принять решение
әзірлеу; дайындау-подготовить
Рәсімдеу-оформить
Жазу-писать
Талдау-обсудить
Мақұлдау-поддержать
Қалыс қалу-воздержаться
Қол қою-подписать
Дауыс беру-голосовать

 

 

 

 

 

 

 

 

ХАТТАМА

Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.

Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).

Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.

  1. Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:
  2. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
  3. Құжаттың аты (хаттама).
  4. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмері.
  5. Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.
  6. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.
  7. Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты жөні, лауазымы).
  8. Күн тәртібі.
  9. Төрағаның және хатшының қолы.

 

  1. Грамматикалық минимум
Изафет құрылым.Жедел өткен шақ –ды/-ді/, -ты/-ті
Сан есімдер.Ауыспалы осы шақ  -а-ды, -е-ді, -й-ді
Ырықсыз етіс -ыл/-іл/-лБұйрық райдың III–жағы: -сын/-сін

 

  1. Оқыңыз, жазыңыз

Хаттама, нөмер, мәжіліс, жиналыс, күн тәртібі, бірлескен мәжіліс, төраға, хатшы, төралқа, мәселе, қаулы, қорытынды, жарыссөз, пікір, көшірме, хаттаманың көшірмесі, кеңейтілген мәжіліс, қатысу, қатыспау, сөйлеу, тыңдау, сұрақ қою, жауап беру, жазу, қаулы ету, шешім қабылдау, қорыту, талқылау, назар аудару, әзірлеу, қол қою, мөр басу, талдау, мақұлдау, қарсы болу, қол көтеру, қалыс қалу, дауыс беру, мөр басу, бекіту.

 

  1. Үлгімен танысыңыз

Алматы қаласы Көлік және телекоммуникациялар колледжі

ұжымы жалпы жиналысының №7 хаттамасы

 

1997 ж. 25 қыркүйекАлматы қаласы

 

Қатысқандар:

Қатыспағандар:   дәлелді себептермен

дәлелсіз себептермен

 

Күн тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңын талқылау.
  2. Ғылыми-практикалық конферецияға дайындық туралы.

Тыңдалды:

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, ________ , _____сөйледі. (хабарламаның мәтіні тіркелген).
  2. Екінші мәселе бойынша __________ сөз сөйледі. (хабарламаның мәтіні тіркелген).

Алматы қаласы Көлік және коммуникациялар колледжі ұжымының жалпы жиналысы қаулы етеді.

Мәжілістің төрағасы(аты-жөні)
Мәжілістің хатшысы(аты-жөні)

 

  1. Қазақ тіліне аударыңыз

Протокол собрания коллектива Института; протокол №9 заседания Офицерского совета; выписка из протокола; выписка из протокола №9; постановление собрания; протокол подписан председателем собрания; написать протокол; вести протокол; протокол осмотра; протокол дознания; совместное заседание; расширенное заседание;

  1. Хаттаманың үлгісін жазыңыз:

тыңдаушылардың жиналысы

студенттік қоғамның мәжілісі

ардагерлер кеңесінің мәжілісі

 

  1. Сөздерді оқыңыз

а) ырықсыз етіс қосымшаларын жалғаңыз.

б) сөйлем құраңыз.

 

Үлгі: қара       қара + л + ды

Жиналыста екі мәселе қаралды.

Тыңда — , айт — , талқыла — , қабылда — , қаулы ет — , шешім шығар — , назар аудар — , жаз — , сұрақ қой — , қорыт — , бекіт — .

 

  1. Сөйлемді аяқтаңыз:

Мәжілісте әртүрлі мәселелер________________________________

Баяндамашы көп сұрақ_____________________________________

Тыңдаушылар жиналысында екі қаулы_______________________

Күн тәртібіндегі I мәселеге назар____________________________

Хаттама қол , мөр_________________________________________