Нұсқау

134

Сабақ тақырыбы: Нұсқау.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға нұсқау туралы мәлімет беру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Нұсқау (Инструкция; лат.instructio — құру, ереже) — әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Нұсқау – ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие ресми құжат. … ü қол қою; ü келісім мөрі; ü құжаттың орындалуы немесе іске асырылуы туралымәлімет.

Нұсқау – ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие ресми құжат. Ол бұйрық жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді.

Мекемеде, ұйымдарда нұсқау беру жеке білікті басшыларға, олардың орынбасарларына, құрылымды бөлімдердің басшыларына тапсырылады.

Нұсқаудың мәтіні ережеге сәйкес белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.

Белгілеуші бөлігі: «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі «міндеттеме беремін» немесе «тапсырамын», «ұсынамын» деген тәрізді сөздерден тұрып, бұйрықтағыдай құрылады.

Мәтін пунктерге немесе одан да кіші пункттерге бөлінуі мүмкін. Әр пункт мынадай түрде жасалады:

— атқарушы;

— іс-әрекет;

— орындалу мерзімі.

Соңғы пунктте құжаттың орындалуын қадағалау жүктелген қызметкер (қызметі, аты-жөні, фамилиясы) көрсетіледі.

Егер құжатқа қол қойған басшы қадағалауды өзіне қалдырса, онда соңғы пункттің керегі жоқ.

Нұсқау уақыты оған қол қойылған уақытпен саналады.

Нұсқау А4 формат қағазында немесе құжаттың барлық деректері (реквизиттері) түсірілген парақта жазылады.

НҰСҚАУ үлгі-формуляры мына деректерден тұрады:

  • мекеменің аты (министрліктің, басқару мекемелерінің, құрылымның, бөлімнің аты) – құжат авторының аты;
  • құжат түрінің аты – НҰСҚАУ;
  • күні, нөмірі;
  • басылған жері – қала;
  • бұрыштама;
  • мәтін (1,5 интервал аралығында жазылады);
  • қол қою;
  • келісім мөрі
  • құжаттың орындалуы немесе іске асырылуы туралы мәлім

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Жоғарыға көтеріліңіз ↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:»Мектеп» ААҚ , 2001
  2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. — 430 б. ISBN 9965-808-78-3