Жеделхат

Сабақ тақырыбы: Жеделхат.

Сабақтың мақсаты:Жеделхат  үлгілерін жазуды үйрету, үлгілерін жаздырту.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жеделхат (телеграмма)

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсын, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

Жеделхатты кез-келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.

Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар “үкіметтік”, “жедел”, “жай” болып үшке бөлінеді.

Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.

 

Жеделхат мәтіні

Мекен жайы (“кімге”). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:

480021, Қазақстан,

Алматы қаласы,

Мұқанов көшесі, 227, офис 47

немесе,

250000, Украина,

г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.

Алушының аты-жөні (“кімге”). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, “Директорға”, “Білім меңгерушісіне” т.б.

Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: “жіберіңіз”, “салып жіберіңіз”, “шешім қабылдаңыз” т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: “алдым”, “жеткізілді”, “келеді”, “орындалады”, “барады” т.б.

“Тез арада”, “жеделдетіңіз”, “жедел”, “қалай да” сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұл. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 – бір ноль бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде топ-тап беруге де болады. Мысалы: бірнольбірүштөртжеті.

Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.

Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия, қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі.

Мысалы:                            “Оспанов”

“Жауапты хатшы Смағұлов”

“Бірінші орынбасар Рымжанов”  т.б.

Жіберушінің мекен-жайы. Жіберушінің мекен-жайы жоғарыда айтылған алушының мекенжайының жазылу тәртібі сияқты. Жеделхатты тапсырып, ақысын төленгеннен кейін квитанция аласыз. Ол сіздің телеграмманы жібергеніңізді растайтын жалғыз құжат болып табылады.

 

Тапсырма: Жеделхат үлгілерін жазыңыз.

 

Үлгілермен танысыңыз:

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Мемлекеттік қызметакадемиясының
ректоры ……….……….…… мырзаға

 


Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеделхаттың артықшылықтары:
—    мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады;
—    формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;
—    жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады;
—    қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады;
—    жеделхаттар тез жеткізіледі;
—    жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді.

Жеделхатты жазу талаптары :
—    мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті  болуы тиіс;
—    мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;
—    кейбір сөздерді қысқартуға болады;
—    цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);
—    жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;
—    жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.

Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).
Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.
Жеделхаттың реквизиттері:
1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:
—    түрі, категориясы;
—    номері, датасы, жіберілген уақыты;
—    алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.
2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:
— жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;
— датасы;
— автордың мекен-жайы.

Жеделхаттардың рәсімделуі:
—    мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.
—    Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.
Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.